Мені сатқан адамдардың - бәрін кешіремін. Мені тастағандарға - тек бақыт тілеймін. Ал қасымдағы адамдарды - жақсы көремін, бағалаймын және рахметімді айтамын.
Барлық адамға мейіріммен, құрметпен қарауға тырыс, тіпті саған дөрекілік көрсеткендерге де сыйластық таныт. Олардың сыйлауға тұратын адам болғаны үшін емес, сен сыйлауға тұратын адам болғаның үшін.
Жарты жолда сынып қалмауға тырыс. Құласаң тұр да, ары қарай қадам бас. Тоқтап қалма! Ауыр күндер ерте ме, кеш пе артта қалады, ал сен бұрынғыдан да мықты боласың...