✏ Біздің оқырманымыздан ✍
Ей,махабат,уәде-қарыз секілді ,
Мені тұзақ қақпаныңа түсірдің .
Ақының көзсіз батырың өкінді ,
Бірде қуыс кеудеге нан пісірдім .
Жас түсіпті тыйылмай көп ,
Маған сезімің көлдің мұзы .
Көрісіппіз жиында-ай көп ,
Өзіңдей болмас елдің қызы .
Сенсіз кетем құйындай боп ,
Сенімен гүлдер жердің жүзі .
Хәлім кетті ғой қиындай көп ,
Азаптады мұң шердің сызы .
Бұрынғы өткен шақтарда ,
Құштарлықты арттырдың .
Шарладық сезім бақтарда ,
Соңы азапты тартқыздың .
Жүрекпен сүй деген соң сүйдім ,
Мұңды естеліктен өзге не бердің ?
Ақыл-есті өте әрең ғана жидым ,
Жеке дара жолымменен кетермін .
Жетектеген ит ауға жарамас деп ,
Шың жаққа қарай талпындым ғой .
Ел көп рет нұрға гүлге орамас деп ,
Тар жол,тайғақты жол қылдым ғой .
Сезімнің нәп-нәзік қылын ,
Шеркен ақынмын ел есінде .
Адамның көңліндегі сырын ,
Айтамын тек қара өлеңімде .