? 71 кг салмақтағы Асланбек Шымбергеновтың алғашқы айналымда ұшып кеткені жеке өзіме ауыр тиді. Кішкентай кезден бокспен айналысқасын барлық Олимпиаданы үзбей көрдік. Марқұм Сатарханов, кейін Ермахан Ибраимов, Мұхтархан Ділдәбековтерге қарап өстік. Бокстан хабары бар адамдар біледі, шетел басылымдары "Орта салмақ (69-75) қазақтардың салмағы" деп атап кеткен. Сонау Сидней Олимпиадасынан бастап бұл салмақта біздің жігіттер дес бермей жүрді.
Орта салмақтағы Олимпиада чемпиондары:
?2000 — Ермахан Ибраимов, 71 кг (Сидней)
?2004 — Бақтияр Артаев, 69 кг (Афины)
?2008 — Бақыт Сәрсекбаев, 69 кг (Пекин)
?2012 — Серик Сапиев, 69 кг (Лондон)
?2016 — Данияр Елеусінов, 69 кг (Рио)
Бір салмақта қатарынан 5 (!) Олимпиадада чемпион болу тарихта болмаған жайт, сол тарихты біз жасадық. Өкінішке орай 2016 жылға дейін жалғасқан жеңісті серияны биыл жалғастыра алмадық.