#Елестетші, ақшаға әуес болған күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберсе..
8 бөлім. (Әуен қосыңыз)
Бағана болған жайтты, сенің қалай төсекте сұлап жатқаныңды, сені қорқыту үшін сүйгенін есіне ала берді.
— Тэхён! - ортада билеп, денесін қыздырып алған Жаклин олардың жандарына келді. Олармен бұлда келген болатын. Негізіне келсек Кристианнан басқасы Тэхёнға не болғанын білместе еді. Сол үшін әрқайсысы өз бетінше көңіл көтеріп отыр. Ал, Кристиан әлдеқашан масаурап қалған Тэхённың келесі әрекетін бақылап отырғандай. Кристианда да қазір Тэхёнға таныс сезімдер болып жатыр. Келесі де Кристің күнәһар ойларының бірі
" С/ені таппадым деп, өзің иемденуің керек еді. Сенде оны ұнатасың. Тэхёнға тауып бергенмен жасаған адалдығыңа алғыстан басқа ештеңе алмайсың! " деп шайтаны талай түртіп еді. Бірақ, ол досының олжасына ортақтасқысы келмей, райынан қайтты.
Сол уақытта қайдан келгені белгісіз, қызғылт шашты сұңғақ бойлы қыз араға қосылып, Тэхённың жанына отырып алды. Ал, Жаклиннің есілдерті басқа жерде. Әйтпесе, тура тұрып мына бір қыздың ит терісін басына қаптар еді.
— Көмегім керек сияқты ғой? - қылғылт шашты қыз Тэхённың қомырайып отырғанына қарап. — Қаласаң, - жігіттің қолдарына тіреліп алды. — Мен сені теңдесіз бақытқа бөлейін? - қыз мұрнын қысып қойып, оған және жақын келіп еді. Тэхён басын көтерместен қорс жауап беріп, " кет! " деді. Мұнысын Роун көріп Кристианнан "не болған мынаған, мұндайды қайдан шығарған?" дегендей ымдады. Крис қолындағы вискиді бір қылқытып, иығын көтерді. Өтірік. Ол бұның бұл жағдайға қалай жеткенін жақсы біледі.
Үй.
Түн ортасы. Құлқынын әбден қандырған Тэхёнды үйге дейін қолтықтап келген жүргізуші мырза Кан есік алдында бөгеліп, оны ары қарай бөлмеге апару үшін Аннаны іздеді. Бірақ, бұл кезде бәрі шырт ұйқыда болды. Тек сыртқы бақтан ішке кіріп бара жатқан сенен басқа. Тэхён бөлме есігін ашық қалдырғанын көргенде, барлық ұйқыға кеткеннен кейін аулаға сергіп келуге шыққансың.
— С/е..- едеуәрір үлкен Кан мырза сені байқап қалғанына қуанып. Сен лезде бұрылып, оның аяғынан шақ тұрған Тэхёнды демеп тұрғанын көрдің.
— Бөлмесіне алып бару керек, - деді абыржыған түрмен.
— Сенен таңқурай әтірінің иісі шығады! - сендер мына қарғыс атып кеткір қырық бес баспалдақпен шығамын дегенше, иығыңа басын қойып алған ол ауызына келген сөзді айтты. Сен елемеуге тырысып, тезірек бөлмесіне алып барып, кетіп тынуды ғана ойладың. Ол өз аяғымен көтеріліп келеді, бірақ демеп тұратын адам қажет еді. Ол бірде иіскеу басын мойыныңа жақындатып еді, сен бұнысын тоқтату үшін ештеңе істей алмайтыныңды түсініп, үнсіз алға жүре бердіңдер. Тек басыңды бұрғанда, оның еріндеріне белгісіз мысқыл кеп қонған. Мұны саған байқатпады.
Ақыры дегенде, оны диванға жатқыздың. Ол екі қолын ұзағынан созып, осы орынға жету үшін небір қиындықпен алысқандай-ақ. Сен бұрылып, есікке қарай кетіп қалдың. Қап! Артқа бас бұрып едің, оның шешілмеген аяқ киімімен, пиджаг.. Жоқ, бұл нағыз өз басына өзі бәле тілеп алу ғой! Неге кете салуға болмайды? Бәрібір емес пе? Ерніңді ыршып жіберіп, диван шетіне отыра кеттің де, оның туфлиін шеше бастадың. Аяқ киімдерді тақтап шетке қойдың да, үстіне жауып кетіп қалдың. Оның артық әрекет жасамағаны жақсы болды. Жаның көзіңе көрінсе де, қимылсыз тұра бердің. Оның кім екенін білесің. Бірақ, іштен құлыпталған есіктен қалай кірген? Ол бұрамадан ақырын қолдарын алып, желкеңе тастады. Су екеуіңе жетерліктей ағып жатыр. Желкеңнен ұстаған ол сені өзіне бұра бастағанда сені, кері айналып шығып кетуге ұмтылдың. Ол сеніммойыныңнан мықтап ұстап су астына қайтадан әкеліп қойды. Дес беріп, сені жайдан жай жібермейтін секілді. Оның түрі келбеті ендігі айқын бола Тэхён! Ол қолдарын әлі де алмай, жақын бір қадам жасады да, бас бармағын жылы суға жуылып жатқан еріндеріңе қойды. Ол кеше осы еріндерден сүйгенін есіне алды. Масат қылып, тағы жақын келе бергенде, сен ұйқыдан оянып кеттің.
— Құрып кеткір! - шашыңды ысырып, қаншалықты терлеп кеткеніңді көргенде, ұяттан жерге кіріп кетердей болдың.
Таң.
Сен қамалған бөлме Тэхённың тиесілі екенін білгенде, оны сонда қалдырып, өзің бос бөлмелердің бірінде түнеген едің. Түнімен міз бақпай таңға жақын, көз ілген едің. Есікті іштен бекітіп, жуынатын бөлмеге кіріп кеткеніңе біраз болды. Себізгіден суық су ағызып душтың астында тұрсың. Себелеп ағып тұрған су қою қара шашыңды денеңе жабыстырып, тәніңді нәзік сылап өтіп жатқандай. Оған араласып, ащы жаста бетіңнен сырғып, білінбей кетуде. Бірде жуынатын бөлме есігі аса ұқыптылықпен ашылып ішке бейтаныс адам кіріп келді де, душ әйнектерінен көзге оттай басылатын сенің жалаңаш деңеңнен көз алмай, шешіне бастады. Сен оның асыр ойдың астында қалып, сезбедің. Ол шегінді де душқа кіріп, сенің дәл артыңа келіп тұрып алды. Сенің көздерің жұмулы болатын. Себізгіден аққан тамшыларға бетіңді тосып тұрсың. Бірде су жылып кетті. Көзіңді ашып, бұрамаға көз тастағанда, арқаңнан пайда болған ер адамның қолдарын көрдің. Жаның көзіңе көрініп, ішіңнен истерикаға түссең де, қимылсыз тұра бердің. Себебі, құтылудың жолы әлдеқашан жабылған еді. Оның кім екенін білесің. Бірақ, іштен құлыпталған есіктен қалай кірген? Ол бұрамадан ақырын қолдарын алып, желкеңе тастады. Су екеуіңе жетерліктей ағып жатыр. Ол су шаштарыңды шетке ақырын ысырып, иығыңнан өбіп қойды. Желкеңнен ұстаған ол сені өзіне бұра бастағанда сені, кері айналып шығып кетуге ұмтылдың. Ол сеніммойыныңнан мықтап ұстап су астына қайтадан әкеліп қойды. Дес беріп, сені жайдан жай жібермейтін секілді. Оның түрі келбеті ендігі айқын бола Тэхён! Ол қолдарын әлі де алмай, жақын бір қадам жасады да, бас бармағын жылы суға жуылып жатқан еріндеріңе қойды. Ол кеше осы еріндерден сүйгенін есіне алды. Масат қылып, тағы жақын келе бергенде, сен ұйқыдан оянып кеттің.
— Құрып кеткір! - шашыңды ысырып, қаншалықты терлеп кеткеніңді көргенде, ұяттан жерге кіріп кетердей болдың.
Бәрі үстел басына жиналып алған. Кім, қандай екені беймәлім, бір адамды күтіп жатыр. Бәрінің жүзін қалың мұң торлап алыпты. Ранидің көзінен сылқ-сылқ жастан өзге ештеңе шықпады. Хан оны құшақтап отыр. Ал, Тэхён олардың жанында әріде бері жүріп, әлдекіммен телефон арқылы сөйлесуде. Сен болсаң, бөлмеден сыртқа аттап баспадың.
— Келді, - деді Тэхён бірде ата-анасына қарап. Рани дымқыл шүберекпен көзін тағы бір сүртіп алды да орнынан тұрды.
Есіктен ішке қарай жүгірген 3 жасар қыз, өзін қашаннан тосып отырған Ранимен Ханды айналып өтіп, Тэхёнды барып құшып алды. Тэхён қызды қолына көтеріп, үлпілдеп тұрған шаштарын сипап, маңдайынан иіскеп алды. Рани ауызымен алақанын жауып, келесі көз жасын келген ізімен қайтаруға тырысты. Қыздың ұлына барып жармасқанына көңілі ортайған жоқ, енді ата-анасынан айырылған бөбекке жақын адам барына қуанды.
Дастархан басы.
— Көке, сен алдыңғы жолы мені алдап кеткенсің! Есіңде ме? - деді Ханни бұртиып, Анна аузына салып жатқан ботқаны жеуден бастартып.
— Қашан? - деді Тэхён Аннаның қолынан ыдысты алып, өзі беріп көрмекші еді, қыз басын шайқады.
— Алаңқай!
— Аа! Есімде болмай-ше?! - ыдысты үстелге қойып, қызды тізесіне отырғызып.
— Алып барасың ба?
— Рани әже..
— Жоқ! Сен! - оның не айтатынын алдын ала біліп.
— Жақсы! Алып барамын,- деп еді қыз жадырап шығып Тэхённың бетінен сүйіп алды.
— Тек шаруаларды тезірек бітіремін. Жақсы ма?
Тэхён көлікке отырып жатқан кезінде, Рани Ханниды атасына ұстатып, ұлының алдына келді де:
— Неше күн болды. Ашылып сөйлемейсің. С/е қайда?
— Апа, кейін..- Тэхён көлікке отырып.
— Ертерек келуге тырыс. Ханниды білесің, екінші рет алдаусыратқаныңды білсе, көндіру қиын болады..
— Жақсы, - деген Тэхён анасының маңдайына сүйіп, жұмысқа жүріп кетті.
— Қане, менің алтын қызым! - Рани құшағын ашып Ханниге қарай келе жатып.
Есік қағылды.
— С/е, - деді есіктен ішке бас созған Клю. — Тәуірсің бе? - сені қуып жібереді деп ойлап тұрған болса керек, сескене сұрады.
— Кір, - дедің күліп. Ол бәрі жақсы екенін біліп, есікті толық ашып, қолындағы таңғы ас салынған науамен кіріп келді.
— Клю.. ішпеймін..
— Келгелі нәр татпадың. Төменге асқа түспейсің. Бұлай жалғаса берсе, аштықтан ауру боласың, қыз! - ол төсекке арнайы орындықты қойды да, жаныңа келіп отырды.
— Көп сөзді қойда, тамақтан. Әйтпесе, Тэхён мырза бәріміздің жонымызды шіледі! - қалжыңдай. — Жақсы, Анна шақырып жатыр. Кейін келемін, - қолыңнан ұстады да, қолдау білдірген болып, шығып кетті. Сен шынымен аштықтан құр сүлдері қалған қаңқаға ұқсап қалып едің. Еш болмаса, жүрек жалғап алу үшін шанышқыны қолыңа алды. Арадан көп өтпей, бөлмеге зыр жүгіре кірген қыз мұнда сенің бар екеніңді біліп, қолындағы қонжығын жерге түсіріп алып, тоқтап қалды.
— Ой! - ауызын кішкен қолдарымен
жаба. — Сіз.. сіз кімсіз?
Сен оны ұялған түріне қарап күліп жібердің. Қызық. Ол мұнда қайдан жүр? Кішкентай қыз жоқ еді ғой? Кейін шаштарыңды құлақ артына қайыра:
— С/е, - дедің. — Ал сенің есімің кім?
— Ханни, - сенің күлгеніңе қарап олда жымиа.
— Тамақ жеп жатырсыз ба? - ол сен жаққа қарай келе бастап. Басыңды изедің.
— Ханни? Қайдасың? - 15 минуттан бері тығыламын деп жоқ болып кеткен қызды іздеп сан-сарсанға түскен Рани сенің бөлмеңнен өтіп бара жатыр еді, ашық қалған бөлмеге оқыстан көзі түсіп, кереует үстінде әңгімелесе тамақтанып батырған Ханнимен сені көрді.
— Мен мысалы ханшайымдарды өмірде бар деп санамаймын. Олар тек ертегілерде ғана. Ал, ертегілер балаларды шынайы өмірден алыстататын ең керемет құрал! - жидекті ауызына салып әңгіме соғып отырған қыз.
— Ханни, сен шынымен 3-сің бе? - оны ересек адамдарша сөйлеп жатқанына ауызың ашылып.
— Ханни, осында екенсің ғой! - аз сырттарыңнан бақылаған Рани, бөлмеге кіріп келді. Сен оны көргенде, кірер тесік таппай, оның бетіне қарауға қысылып, жалтақтап қалдың.
— С/е, хәлің қалай, қызым? - ол баяу барып, жандарыңа жайғасты. Болған оқиғадан кейінде жүзінде саған деген тиіттей де жаман көз-қарас жоқ. Сені оны сауда үйінде сан соқтырып кеткеніңді тіпті ұмытып жібергендей. Бұрынғы мейірімді жанар, сол қалпы. Сенің қымсынып:
— Рани ханым мен..
Ол не дейтініңді сезіп, жылы алақанын қолдарың үстіне қойып. — Бәрі де жақсы. Өзіңді бұдан артық жеме, - деді.
Ханни көздері мөлтілдеп сендерге қарап қалды.
— Кешірім сұраймын сізден..
— Менен сенен сұраймын. Тэхённың істеп жүрген тірлігі, сені еркіңнен тыс мына жерде ұстап отырғаны үшін. Мен оны бұл мәселеден тыс нәрсе де кез-келген теріс әрекеттен қайтара аламын, қызым. Тек өзі сүйгені үшін не әлемді төңкерсін, не отқа ортасын мен тосқауыл бола алмаймын.
Сүйгені? Рани нені меңзеп тұр?
— Әже! Не болды екеуіңе? - бір-бірлерінен кешірім өтініп отырған сендерге түсініксіз қарап.
— Бәрі дұрыс, құлыным, - деді қыздың шекесінен сүйіп.
#Елестетші, сен Рани ханыммен Ханнидың үгіттеуімен кешке бірге алаңқайға кеттіңдер. Рани бұл жолы алдыңғы оқиғаны қайталанбауына жүз пайыз кепіл бола алды. Бірақ, сонда да Тэхённан бір ауыз сұрайды естен шығармады. Себебі, өткен жолғының орын алуына тікелей Рани ханым сеп болған-ды. Сонымен, қанша қарсы болғанмен, бүгін танысқан Ханнидің еліктің лағындай болған жалына сұраған жанары үшін олармен бірге баруға көндің. Рани саған алдын сатып алған киімдерін әкеліп берді. Сол күйінде алып қойған екен. Алаңқайдан шыққасын, ресторанда тамақтануды шештіңдер.
3 жасар таңдайы тақылдаған қыз сені ойынға сүйреп, қайта-қайта бетіңнен сүйіп қасыңнан шықпауды шығарды. Сендер ойнап жатқанда, Рани сырт көзден құдды анасымен қызын елестетті. Сонда қыздың бір апта бұрын жазым болған анасы туралы ойлап көзіне жаста алып алды. 2 сағат уақытты ойын-сауық өткізгесін, сендерді Тэхён күтіп алды.
— Көкее! - олардың көргенде көлік есіктерін ашып, күтіп алған Тэхёнды байқаған Ханни қапа болудың орнына, оның мойнына асылып алды. Бірақ, Тэхён сенің олармен ілесіп келе жатқаныңды көргенде, жанарларың тоғысып үлкен соғысты бастап жіберіп еді. Сенің мүсініңе ықшамдалған қарапайым бірақ, әдемі көйлек, жайылған табиғи, ұшы бұйралау шаштар оның есін алып тынды.
Ресторан.
Сендер тапсырыс беріп қойдыңдыр. Ас дайын болғанша Ханни Тэхёнды балаларға арналған залға қарай сүйрелеп, сонда алып кетті. Сенімен барғысы келсе де, сенің шаршап қаоғаныңды қыз жақсы білді.
— Ол сенімен тез тіл табысып кетті, - Рани оларды әйнек қабырға арқылы қарап, ойындарын сүйсіне тамашалады. Бірде сен сұрауды мақұл көрмей, ішіңді жегідей жеп біткесін ақыры ауыз ашып:
— Ханнидың ата-анасы қайда? - дедің. Раниды қайтадан жабырқап:
— Осыдан бір апта бұрын жол апатынан дүниеден озды. Біз оны кеше біліп отырмыз. Жақындары бізге тым кеш айтты. Жерлеу рәсіміне де қатысы алмадық. Ата-анасы Ханның ағасының ұлы мен келіні еді. 10 жыл алдын Британия жұмыспен бабымен қоныс аударған...- мұрнын тартып қойып. — Ханни.. құлыным ата-анасынан айырылғанын әлі білмейді. Қанша ересектерше сөйлегенімен, бөпе ғой.. Тэхён туылғаннан қасынан тастамағасын, бір-біріне бауыр басып қалған. Ол болса, басқасы тіпті керек емес, - жылап отырса да жымиа. Сен Ранидың жұбату үшін арқасынан құштың. Кішкентай қыздың қайғылы тағдыры үшін іштей өксіпте алдың.
Осылайша, ас келіп тамақтанып отырдыңдар. Ханниға тәттіден басқа ештеңе жегізіп болмайтын. Тәтті десе Тэхёнды да елемейді. Бірақ, ол қазір сенің қолыңнан кәдімгі тамақта қарсылықсыз жеп отыр. Рани бұл үшін арқасынан үлкен жүк түскенін білді. Ал, Тэхённың назары сенен бір елі ажырамай, айрықша бір толқыныс тудыруда.
— Қазір келемін, - кенет көңілің айнып, үстел басынан тұрып кеттің.
5 минуттан кейін. Сен көпке бөгелгеніңнен уайымдаған Рани Тэхёнға барып жағдайыңды біліп келуін айтты. Онсызда, солай етуге құлшынып отырған орнынан дереу түрегеп сені көргенше асықты.
#browinv ???
С/енің неге көңілі айныды? Қалай ойлайсыздар? Әлде бұлда бір айла ма екен? Пікір күтемін.