#BTS_IMAGINE_QRF
#Елестетші, ақшаға әуес күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберді.
5- бөлім
Кабинет.
Тэхён Аннаның келуін, келіп бір хабарын беруін күтіп тұрғалы біраз болды. Өзі шығып іздесейін десе, әрекеті ерсі болып кететін. Креслода жайбарақат отыра алмай тұрып кеткенде, Анна келіп:
— Мырза, таба алмадым! - деді. Басымен жер сүзіп, өзін кінәлап тұрған қызметшіні көрген ол күрсіне арттағы терезеге бұрылды. Ендігі не істеуге болады? Оның шынымен қашып кетті ме? Бұл оны бір парақ қағазбен үйінде ұстап қала алмады ма?
#еске_түсіру
Сен сол түні есік тұтқасын басып, оның сөздеріне қарамай шығып кетуге тырысқан да есіктер іштен бекітілген болды. Сен оны қалай тартсаң да, ашылмайтынын айқын біліп, теріс қараған күйде үнсіз қалдың. О, неткен шарасыздық! Сенің кету жоспарынан күдер үзгеніңді жоғарыдан бақылаған ол, баспалдақтар бойлап төмен түсті. Масаттанса да сездірмей мысқылдап дәл артыңа келіп тұрды.
— Мазақ ету ұнаған шығар? - дедің бұрылмай теріс қарап тұрған жеріңде. Көздеріңе есікке қадалған. — Сен осылай боларын білдің!
Ол сендердің сұхбаттарыңнан бір күйілкілдің шығарын біліп, есікке әдейі құлып салғанын түсіндің.
— Мақұл! Есіктен шықтың делік, бірақ қайда барасың? Күйеуіңе ме? Сені ауруға шығарып, картаға тігіп жіберген күйеуіңе?
— СЕНІҢ ШАРУАҢ ҚАНША? МЕНІҢ ҚАЙДА БАРАТЫНЫМДА НЕ ЖҰМЫСЫҢ БАР? - дедің де теріс айналып, оған қарадың. Ол саған тым жақын келіпті. — Маған ешкім емессің, өзіңде мұны жақсы білесің. Ендеше, неге ұстап отырсың?
— Қысқартшы сөзді, - ол өзін сенің сөздерінен шаршағандай етіп
көрсетті. (наглый чел) Ал, шын айтуына келгенде, сені не үшін ұстап отырғанын өзіде білмейді. Ұнатады ма сені? Жо-жоқ. Бұл махаббат емес. Ол махаббатқа жат адам. Оның жүрегінде ұнатудан, сүюден, махаббаттан тұтамдай болсын орын жоқ.
— Үш ай! - деді ол өзіне бағытталған көздеріңнен көзін алмай. — Үш ай ішінде, осы үйде үстіңнен тігілген ақшаның өтемін өтейсің! - оның бұл сөздерінде асқан сенімділік пен ыза көрініс тапты.
— Не? - дедің есеңгіреп.
— Егер көнбесең, көндікпесең ауруханадағы төрт қабырға ішінде мәңгі, екі құлағыңменде тыңдап ал " МӘҢГІГЕ" қаласың!
— Қорқытқаның ба? Шамаң жеткенше, тоқтатып көр! Алға! - дедің нығарлап. Әр сөзіңді кезекпе-кезек айтып, жіпке тізгендей етіп жеткіздің. Енді ол сені тоқтатуға не айла амал тапсын, таппасын сен бәрібір кететініңді тіке айттың.
#еске_түсіру_аяқталды
Шарасыз енді кім? Ол ма бұл ма? Ашып айту қиын болды.
#Елестетші, Тэхённың кабинетіндегі қабырға өлшемді терезе тұп-тура ауладағы гүлбақшаға қаратылған екен. Үлкен әйнектен гүлбақша ғана емес, үйдің ауласы, барлық жері түгел көрінетін. Осылайша, Тэхён үнсіздікпен ішіндегі ашуды қалай шығарарын білмей, терезеге көз тастағанда, бақшадағы әткеншекте отырған сені көрді. Ал, керек болса! Ол өз көзіне өзі сенер емес. Расында, сен бақшада болсаң? Расымен? Тэхён өзінің тұмсығының астында тұрған әйелді көрмей, дүниені астаң-кестең етуден де тайынбай тұрған еді. Және соған сәл қалғанда, Құдай ашуыңнан түс деді ме, оған сені көрсетті. Ал, егер сен бақшада емес, шынымен қашып кеткенде ше? Сен оның бетіне де қалай болмасын қашып кетуді ашық айтқанда, Тэхён оған аса мән бермеді. Бірақ, қазір сен кетсең қай күйді бастан кешерін жақсы түсінді.
— Ол бақшада.. іздеуді тоқтатсын деп айт, - қырық шақтысын сені жер-көкті тінтуге салғанын еске алды. Аннаның сөнген жанары ұшқындап кетті де, бір нәрсе айтуға сөз таппады. Бөлмеден басын иіп, шығып кетті.
Тэхён сол жерде. Сол орында. Сенің төбеңнен қарап қана тұр..
#Елестетші, сен Рина ханыммен әңгімелескесін гүлзарда біраз болуды сұрандың. Сонымен, ой үстіне ой келіп, әткеншек үстінде қалай уақыт өтіп кеткенін сезбедің. Күн көзі кетіп, қараңғылық басталғанда салқын кеште тапжылмай отыруда бір жағынан ерекше әсер силайды.
Ас бөлме.
Үйге кірсең, қыздардың дастархан үстін жинап, ыдыстарды жуып жатқанын көрдің. Сенде барып қосылмақ болғанда, Анна алдыңнан шығып, қызметшілерге арналған бөлмеге алып кетті. Зәре құты ұшып кеткенге ұқсайды, жалт-жұлт еткен көздері құдды сені жерге көміп тастайтындай түйілді.
— Не боп қалды, Анна? - деп үлгермейінше ол үрейлі кейіппен:
— Сен өзіңді кіммін деп ойлайсың, а? Бұл саған не өз үйің бе? Қаласаң, анда, қаласаң мында келіп қолқуысырып отыратын?! Мүлде кім сұқсат берді? Гүлзарда не сеуіп қойыпты саған? Сен қызметшісің. Біліп қой, жай ғана қызметші!
Ана жүрген қыздардан сенің түкте айырмаң жоқ.Орныңды біліп, бұйырған тірлікті жаса!
— Анна! - дедің оның ауыр сөздерінің себебін ұқпай.
— Тағы да! Тағы бір мәрте гүлзарда, не мына үйден тысқарыда жүргеніңді көрер болсам, айтпады деме! Есіңді жинап ал! Сен тек бұл үйдің отымен кіріп, күлімен ғана шығатын адам. Енді барда, қыздарға көмектес! - азуы айқасып, ашуын көрсетті де, шығып кетті.
Бұл жолы сен артық ауыз сөз айтпадың. Ақталмадың, не тіл қайтармадың. Оның сөзін дұрыс деп қана санаудан басқа ештеңе жасамадың. Себебі, сен ол айтқандай қызметші ғанасың, Тэхённың қадірлісі емес.
Ас үй.
Жас төгіп алып, жұмысын атқарып кете беру сенің күн тәртібіңе сіңіп кетсе керек, қазір астан босаған кеселерді сүртіп орнына қоюдасың. Қасыңда Клю мен Шейла ары-бері жүріп, ыдыстарды тасуда. Сені іздегендері жайлы екеуіде тіс жармады. Үй іші тым-тырыс. Сені зекіп алғаннан соң Анна Тэхённың жанына кетіпті.
— Ухх! Сағатты қарашы! Он екі! Мына шаруаны бітемін дегенше, осы күнде осы уақыт болады! - Шей орындыққа отыра қалып.
— Айтпа, мына белім бір күні үзіліп түспесе бар ғой!
— Қойшы! Сен ірісің, әрі саған үйдің жұмысы жарасады. Менше? Шашым сыпырғы, қолым кесеу болып жүретін әйел емеспін. Мүлде олай болмауы керек еді. Мен тек еркек адамның күтімін қажет ететін адаммын ғой. Құдайым-ай!
— Ой, тоба-ай, А! Шашым сыпырғы дейді ғой! Мына қорғанға қызметші болудың өзі қандай ғанибет екендігін сен сезбей жүрсің ғой. Жан терге түсіп, қара жұмысқа жегілген дей сөйлейсің. Қанша адам бар, ә осында жұмысшы болу үшін бәріне дайын. Керек десең..
— Өй, қойшы болды. Екінші айтпаймын. Тәубеме тайындырарсың!
— Оның үстіне үй иесі Ким Тэхён болса! - деп қойды Клю сөз соңында.
— Иә-иә! - Шейла кекесінді кескінімен келеке етіп. — Айтпақшы, мырзаның ертең Вавилонға кететіні шынба?
— Солай.
Сені осы кездің олардың сөздері елең еткізді. Тезірек жұмысыңды аяқтап, қолыңды сүлгіге сүрттіңде:
— Вавилонға? - дедің.
— Иә, ескі Вавилонға. Әлемдік көрме өтеді екен. Ал, мырзалар іс сапар бойынша бармақ.
— Ол жақта ары кетсе, 3-4 күндей болса керек.
Сен ары қарай қазбаламадың. Осының өзі сенің жоспарыңа қолайлы болмақ.
" 3-4 күнде! Білмейде қалып, естенде шығарып жібереді. " - дедің іштей.
— Қане, енді Жаклиннің орнында болсааам...
— Ол маған ұнамайды. Тым жағымсыз қыз!
— Өзің сондайсың! Көре алмай тұрғаның ғой бұл сенің. Ол нәзік, қыпша белді, ажарлы!
#Елестетші, сендер ұйықтауға жаттыңдар. Сендерге арналған бөлме ыңғайлы әрі кең болатын. Қыздардың кереуеттері қатар орналасқасын түннің жарымын шүйіркілесумен өткізуші еді. Сенде олармен біраз уақыт сөйлескесін, оқыстан көзің ілініп кетті.
Таң.
Кабинет.
— Штаттан хабар келді. Харлиннің кәсібін одақтан шеттетіпті. Меніңше, бұл жай ғана көрме емес, Тэхён. Жаклиннің шыр-пыр болғанындай бар..
— Білгенмін. Бальзак бақталастықты күшейту үшін жасап отыр. Өзінше үрей тудырмақшы.
Сен дмд қағаздарын жөнелттің бе?
— Жоқ. Бүгін кешке дейін үлгеремін. Алаң болма!
— Роун! Өлтіремін сені.
— Ұшақ уақыты 12:00 ге ауысты. Жаклин саған кетті. Көп ұзамай барып қалады.Қалай миды жейтінін білсең ғой!
— Келіпте қойды, - терезеден қыздың қалай үйге асыққанын көрген Тэхёнды күлкі қыстап.
— 3-4 күнде мезі қылып жібермес деп ойлаймын. Бірақ, біздің құлақ тыншитын болды.
— Роун, онда аз ғана күн боламын. Өзің баскөз бол. Барлық іске! - деді үлкен сенім артып.
— Жә, жақсы! Жол болсын, ағасы, - телефон тұтқасын сөндіріп.
Үстел басы.
— Тэхён сіздер жайлы маған түкте айтпаған. Білсем, бір күн алдын осында болушы едім ғой!
— Менен өзің сұрамаймысың? - Тэхён қызды әбден тығырыққа тірей күліп.
— Сен неге ескертпейсің? Әдейі жасадың ғой! Айтшы!
— Неге олай ойлайсың? - шанышқыны асқа батыра.
— Неге ойламаймын? Осыдан алдын бірде бір күтіп алудан қалып па едім. Апа, маған емес, Тэхёнға кінә тақ, - Жаклин Рина ханымның алдында ақталып, ренішін қайтара алмағасын өзі өкпелеп қалды. Себебі, Рина оның күтіп алмағанын көңіліне алып қалған екен. Енді кіші кезінен көз алдында өскесін өз қызындай көріп, бұл десе бауыр еті елжірейтін болғасын, елеусіз қалдырғанына қамығып отырған түрі. Жаклинде оны анасындай көріп, ағынан жарылып, аялайды.
— Мейлі. Тамақтан тезірек, - Рина мейірлене күліп.
— Ашуының қайтуыда, келуіде тез! - деді Хан мырза да Жаклинннің қылығымен, жұбайының ақжүректігіне сүйсініп.
Сен сырттай оларды бір жанұядай елестеттің. Құдды бір отбасы! Тек мұнда артықша Кристиан ғана еді. Ол бір назарымен сені алауға тастап, қара жерге көміп жіберетіндей қарайды. Сен үстел әрірек жерде тұрдың. Жаныңда Клю бар. Бұл оғаш көрінгенмен, үйдің қағидасына сіңіп кеткен. Үстел басындағылар бірдеңе қаласа, олардың қажеттерін өтеу үшін.
— Ол кім? - дедің Клюға сыбырлап.
— Кімді айтасың?
— Анау адам. Хан мырзаның жанындағы, - көзіңмен білдіртпей меңзеп жіберіп, жалтарып қалдың.
— Еее, Кристан мырзама?
— Иә, бұл отбасыға кім болып келеді? - оның әлі қарап отырғанына сезгенде, тістеніп. Клю сенің күлкілі жүзіңнен өзін ұстай алмай езу тартып қойып:
— Кристиан мырза, Жаклин ханым және Мырзаның өзі кішкентайдан бастап бірге өскен. Бір мектепті бітірген қалың құрдастар...
— Мүмкін, болса маған бір кофе, - деді сырттарыңнан өзі жайлы әңгімелесіп тұрғандарыңды топшылаған Кристиан. Анна дереу көзімен сені сүзіп " алып кел" деді. Құдай-ай, ол сенен басқасына келгенде көзі соқырланып қалады ма? Әлде ала алмай жүрген өші бар ма? Сен ың-шыңсыз асханаға кеттің. Және көп созбай, қонақ үйге бет алдың. Қолыңдағы падноста бір шынаяқ Кристиан қалаған кофе. Тап осы тұста, үстелге жетер жолда қолың бойыңа бағынбай дірілдеуге көшті. Оның көз-қарасы, оның отты қарашығы, үнсіз сені тілім-тілімге бөліп тастады. Бұл соның әсерінен саған қобалжу алып келді. Алақаның терлеп, жетемін дегенше алқымың ауызыңа тірелді. Ал, біз байқасақ, төрден мұны бақылап отырған бір адам бар болыпты. Тэхён! Ол көз алдында болып жатқан жағымсыздықтан зығырданы қайнап отыр-мыс. Қабағы ұйпа-тұйпа. Сендегі өзгеше қорқумен, Кристің жүзіндегі мен -мендікті жоқ қылудың алдында тұр. Бірақ, олардың көзінше ештеңе істей алмайтынын біледі. Сен Кристианның жанына жақындап, падностағы шынаяқты ұсындың. Ол бұрылып, падносқа қолын созғанда, шынаяққа ұмтылған саусақтары бірде сенің білегіңе келіп тиді де, кейін шынаяқты өзімен алып кетті..
#Елестетші, есік алдында жүргізуші чемодандарды үйден алып шығып, көлік салып жатыр. Рани Тэхённың маңдайына сүйіп, құшағына басты.
— Істеріңе сәттілік! Беделіңді берік ұста, ұлым! - деді Хан оның арқасынан қағып.
— Жылдам. Ұшақ? - Кристан оларды әлі біраз тұратынына шыдай алмай. — Апа, ұлың соғысқа емес, 3-4 күндік іс сапарға ғана бара жатыр емес? Не болды сонша?
— Өшір! - деді Жаклин Тэхённың ата-анасымен қоштасып жатқан сәтін бұзбас үшін.
Іште қызметшілер терезеден бұл көріністі тамашалауда. Олар арасында сенде барсың. Тілсіз тұрып, оны тыстан қадағалайсың. Дәл қасыңдағылар секілді есің кете емес, тылсым сезіммен. Жек көрініш пе жоқ одан өзгесі ме біліп болмайды. Сен қарайсың, көз алмайсың, ал мұны іштей сезеді, түйсінеді. Бірақ, назар аудармайды. Не қылған өрескелдік?
Осылай, олар кетті..
Көкжиектен шыққан күн, түсте көлгірсіген күйінішпен шақ төбеде тұрып алған. Күздің осы бір кездері ысып, жазғытұрымнан өтіп кетердей болады. Соның уақыты ғой, қаумалаған жұмысты терлеп-тепшіп түгеттіңдерде, бөлмелеріңе кеттіңдер. Рина мен Хан мырза ескі туысының шақыртуымен қонаққа кетті. Рина бүгінше тірлікті бітіріп, демалуларыңды айтты.
Ұшақ.
— Неге Кристианға үйдегі күзетті күшейтуді бұйырдың, Тэхён?
— Қауіпсіздік? Менің оны түсіндіріп отырғанымды қалайсың ба? - Тэхён ноутбукпен әлдене істі қарап, шұғылданып отыр.
— Неше жылдан бері есіңе енді түсті ме, күзетті күшейту?
— Не?
— Әлде үйіңде жасырған бағалы бұйым барма? - Жаклин иегін тіреді де, Тэхёнға зер сала жақындап.
Ps енді бұдан кейін бұндай тірлік істемеспін бар ғой.