#BTS_IMAGINE_QRF
#Елестетші, ақшаға әуес болған күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберсе..
7 бөлім. (Әуенді қосыңыз)
#Елестетші, сенің қашып кеткенің Аннаға айдай анық. Егер, мұны Тэхён білетін болса Анна бітті! Біткен жері осы! Рани үйге келгенде Анна оған мәселенің жай-жапсарын айтып берді. Сенің жай қызметші емес, Тэхённың ойыннан ұтып алған күйеуі бар әйел екеніңді, осында қамап ұстап отырғанын, анау үйдегі қаптаған күзетшінің барлығы сенің қашып кетпеуің үшін қойылғанын айтты..
Бір аптадан кейін.
Лияға сен болып өткен жайттың бәрін жайып сала алмадың. Себебі, екеуің етене жақын емес, алыстан сәлемдесуші едіңдеи. Соған қарамастан ол сені жақсы күтіп алды. Оған тым-тырыс барып, Магриджбен араларыңның дұрыс емес екенін ғана ескерттің. Лияның өзі тұрмысқа шықпаған, анаңның әкпесі еді. Сенің келгеніңнен жалғыздықтан сәлде болса айырылып, сенімен бірге уақыт өткізіп жатты.
Үй.
Тэхёнмен Жаклин шет елде басқа шаруалармен бөгеліп, бір апта қалып қойған болатын. Енді, содан оралғаны бүгін. Қазір үйде оның жағдайын жеткізу қиын. Ол ана жақта Аннадан сені сұрағанда, үйде жүргеніңді айтып,алаудамауын, баскөз болатынын айтқан еді. Бұл Рианнаның бұйрығы. Себебі, Тэхённың Вавилоннан ештеңеге көңіл аудармай, жұмыс тыныш тынтырып келсін деді. Келгесін, бәрін түсіндіреміз деп көндірді. Бірақ, Тэхён келгесін үй іші өртке оранды.
— МЕН САҒАН НЕ ДЕП ЕСКЕРТТІМ, АННА?! - қаһарлы дауысын ыза кернеп.
— Мырза, Рани ханымның оны алып кеткенінен бейхабар болдым.., - Анна оның қорқынышты шыққан дербес үнінен жылап жіберді.
— Құрып кеткір!
— АҚЫЛСЫЗ! Үйге күйеуі бар, отбасылы әйелді алып келіп, одан қалғасын.. арсыз! - деді әкесі ары қарай жалғастыруға сөзі таусылып.
— Әке..- деді бұлқан-тылқан болып отырып, Ханның сөгісін қажет етпей. Ол үшін қазір өзінің ашуынан басқасын орынсыз деп біледі. Анасы шетте бетін басып, жас сорғалатып отырғаны қай заман, не дерін білмей. Отызға тақаған ұлын не деп жегеді, не деп ақыл айтады.
— НЕ ӘКЕ! ДАБДАРДАЙ БАСЫҢМЕН ІСТЕП ОТЫРҒАН ТІРЛІГІН ҚАРА! ЕРТЕҢ ОЛ ӘЙЕЛ СОТҚА БЕРСЕ, ҚАМАЛАСЫҢ! ҰҚТЫҢ БА? ҚАМАЛЫП КЕТЕСІҢ! МҰНЫ МЕНЕН ЖАҚСЫ БІЛЕСІҢ СЕН!
— Хан..- деді Рани булығып кеткен зайыбына басу айтпақшы болып.
— СЕНІҢ ЕШТЕҢЕҢ КЕТПЕЙДІ. МЫНА ЖЕРДЕ РАНИМЕН МЕНІ ҚАН ҚАҚСАТАСЫҢ!
— Хан, болды..
— ЖИЫСТЫР МЫНА ТІРЛІКТІ! ТҮСІНДІҢ БЕ?!
Тэхён сорасы ағып жатқан бұрыштағы Аннаны бір қағып өтті де, бөлмесіне кетті. Кабинетке кірген бойда айналаны астаң-кестең шығарып, телефоннан Кристианға қоңырау шалып " тап оны! " деді. Ол қазір нағыз жыртқыштан аумай қалды. Жемтігінен айырылған жырғыштан!
1 күннен кейін.
Түс уақыты. Лия кездесіп жүрген жігітімен серуендеуге осыдан 1 сағат бұрын шығып кеткен болатын. Сені ертіп кетпекші еді, зауқың соқпағасын жалғыз өзің үйде қалуды ұйғардың. Сол мезетте есік қағылды. Орныңнан тұрып есік дүрбісінен қарап едің, келген адамның жүзі көрінбеді. Сескенбеген соң, кім болса да, Лияға екенін іштей сезіп, алаңсыз есікті аштың.
— Сәлем! - деген Кристиан күліп, өзін көрген кезде сұсы қашып кеткен сені қағып өтті де ішке кіріп кетті. Сен тіпті есікті жауып қалуға үлгерген жоқсың. Өңің боп-бозбоп, түсің қашты. Әлде, әлем төңкеріліп кетті ме екен?!
— Қалайсың? - деді сен тұрып кеткен диван үстіне шалқая отырып, үй ішін қарап шығып.
— Не.. неге келдің?! Шығып кетт! - кекештене.
— Ейй! Неге сонша үркіп тұрсың? Адам жейді естіп пе едің? - енді аяғын айқастыра күле бастап. — Неге келгенімді өзіңде жақсы білесің ғой? Сарайдай қорғаннан қашып, мына лашықта тұрып жатқаныңа сенбеймін!
— Кристиан! Өтінемін, кет! Өтінемін! - дедің жалбарынсаң жібітіп аламын деген оймен.
— Кристиан? - есімін атағаныңды алғаш
естіп. — Есімім мұнша жағымды естіледі?!
— Өтінемін, ЖАЙЫМА ҚАЛДЫРЫҢДАР..
— Қой, қымбаттым! У-шусыз кетейік бұл жерден?
— ЖОҚ! - дедің артқа қарай жүре бастап.
— Кеткің келмей ме? - аянышты түр жасап.
Сен жылдам артқа бұрылып, есікті ашып қашып кетпек болғанда, алдыңнан еңгезердей адам шықты..
Үй.
Бөлме бұрышында отырсың. Олар сені зомбылықпен үйден қалай алып шыққанын ұмыта алмай отырсың. Сен алғаш оянған бөлмеге әкеліп, сыртыңнан қамап кеткеніне де көп болмады. Бәрінің көзінше сені желкесіне артқан қаптай қылып, жоғарғы бөлмеде сыртыңнан кілттеп кетті. Енді міне! Тізеңді қаусырып, не істеріңді білмейсің.
Көп ұзамай үйге Тэхён кіріп келді. Қонақ бөлме де отырған не әкесіне, не шешесіне көз қиығын салмай баспалдақпен көтеріліп кетті.
— Ол не істегелі жатыр? - деді Тэхённың жүзінен нақтылықты көре алмаған Ранидің көңілі ала-бұртып.
#Елестетші, терезенің жақтауына сүйеніп тұрып, денеңде басталып келе жатқан қорқынышты басу үшін көзіңді жұмдың. Кенет есік айқара ашылды да, табалдырықта Тэхён пайда болды. Сен қорыққанынан тәніңде майда талшықтар жүгіріп өтіп, қазір қандай сұмдық бастап кешіретініңді ескертіп тұр. Жігіт қолын қалтасына салып, асықпай басып саған жақындады. Жақын келе берді. Сен үшін дүниенің барлық есіктері жабылып, оның қазір саған жасайтын ісіне ғана төзу қалды. Ол кірпік қақпайды, тек қап-қара көздері ашуға булығып тұр. Ол көзбен қастың арасы қолдарымен мойыныңнан қысып алды. – Неге сен осындай мазасыз болдың а? - құлақ тұсына ерін тақап. Сенің көзіңнен қалай жас тайғанап кеткені беймәлім, дыбысың шықпай қалды.
— Неге менен қашасың? Саған соншалықты жәбір көрсеттім ме? - ренішпен ыза қосылған ащы сөздер құлағыңды күйдіруде.
— Жі..бер..- дедің дауысың әлсіз шығып. Ол бетін бері бұрып, көздеріңе тіке қарауға алмасты. Оның қолдарының үстінен ұстап, мойныңнан алып тастауға тырыстың. Қылқынып жатырсың. Анығында солай! Ол саған осы үйге келгелі қол ұшында тигізген жоқ. Саған жылы қабақ танытқысы келгенде, сен өжеттік көрсеткенсің. Ол бар болғаны сені жанында ұстап қалу үшін үш ай қызметші болуға көндірді. Сол ай ішінде өзін сүйіп қалады деп ойлады. Оның орнында басқа біреу болса, сені алып келген күннен-ақ өмірде нендей жаман іс болса соның бәрін жасаушы еді. Себебі, ол сені сүйеді. Сен бұдан алдын тұрмыс бол, болма бәрібір. Қалай барсың солай жақсы көріп қалған. Енді болса ол сені төсек үстіне лақтырып жіберді.
— Сен мен ҚҰМАР ойыннан ұтып алған әйелсің! Меніңше, сен бұл айтқандарымды сөзбен түсінбейсің!
Сен жұмсақ диван ұшып түстің де, ашылып қалған иығыңды жауып, диван басына қарай өрлеп кеттің. Ал, ол тамағын қысып тастаған галустыкты алып, кастюмді шешіп жерге тастады. Есік іштен кілттеп саған қарай аяңдағанда:
— Доғаршы! - дедің қашуға қауқар іздегендей.
— Енді ме? - ол диван үстіне тіземен еңбектей шығып, саған қарай келе жатып, аяғыңнан ұстап,өзіне тартып алды. Ал сен енді оның тұзағына түскен құрбандай, астында жатырсың. Қолдарыңды жоғары көтеріп, бір қолын саусақтарыңнан өткізіп, тіреп қойды. Оның жанары сондай қорқынышты," енді не істей аласың?" дегендей.
Сен ерніңді жымқырып, басыңды бұрып алғаныңда, ол сені иегіңнен қысып өзіне қаратып алды.
— Бірдеңе жасамас бұрын мына басыңмен кішкене болсын ойлансаң етті. Мен саған өтем үшін осы үйде қызмет атқарасың дегенмін.
— Ал, сен үш айдан кейін жіберетін бе едің? - оның астында жатып дір-дір етсеңде, оны күре тамырынан бастың. Шынымен, ол сені үш айдан кейін жіберетін бе еді? Меніңше, бұл сұрақ оның көздеген ойынан алыста.
— Жоқ! - деді де бағанадан бері "сүй" деп делебесін алып тұрған ерніңе бас салды. Сен көздеріңнен жас шығып, басыңды ары да бері бұрғаныңмен ол қойып жібермеді. Бар ашуын осылайша алып жатқандай. Сені жоғалды дегендегі түрін еске алу мүмкін емес. Үйдегі қарауылдарды көбейтіп, Кристиан ары ұстағанына қарамастан, көптен күткен қорқынышы, өзі өзге жерде жүргенде жүзеге асқандай болған. Ол осы үшін сенен өшін алып жатқандай. Сенің тынымсыздығыңнан, сенің әлі өмірге мойынұсбағаныңнан. Сен бірде тоқтадың. Тырысқаныңмен болмады, оны қайтара алуға күшіңде жетпейді. Ол сенің қарсыласпай қалғаныңды сезіп, бетіне сенің көз жасың тамшылары тигенде барып ісін доғарды. Саған қарап еді, өмірден опық жеген, бейкүнә, мүлде.. мүлдем пәк Жанарға тап болды. Мұндай кіршіксіз кескін сәбиде де болмас! Оның жүрегі мына көріністі көтере алмаса керек, беліңді басқан алақанын алып жүзіңді сипап, көздеріңнен ақырын өбіп қойды да, үстіңнен тұрып кетті. Сенде ашық қалған желкеңді қолыңмен бүркеп, алшақтап кеттің. Ол сені жалғыз қалдыру үшін бөлмеден шығып кетті..
#Елестетші, түннің жарымы. Тэхён сенен кетіп, түнгі клубқа келді. Ол үшін бұл жер бозбала шағының естелігі болмаса, мүлдем жат. Онымен ортақтасқан Кристианмен Роунда осында. Шаш етек жұмыстан бір сәтке босап, бой жазу үшін осында келді.
— Сендер сұлусыңдар! - деді алдарында шыбықтай белі майыса билеп жатқан қыздардан көз үзбей Роун. Кристиан оның демде мас болып қалғанына күліп, мүлкінің атып жіберді.
— Е!
Кристиан көзімен Тэхёнға қара дегендей меңзеп, екі шиша бөтелкені тауысқан Тэхёнға тесілді.
— Көкесі, шөлдеп қалыпсың ғой!
Тэхён күрсінді де, темекіні түтетіп, басын шалқайтып алды да, аузынан шыққан бумен көз алдын көк түтінге орады.
Бағана болған жайтты, сенің қалай төсекте сұлап жатқаныңды, сені қорқыту үшін сүйгенін есіне ала берді.
— Тэхён! - Жаклин оның тізесіне келіп жайғаса отырып алды.
P.s Менің соңына дейін аяқтаймын деген ниетімді " қызықсыз" деп жерге ұрдыңыздар. Енді желайнам қашып кетті, " қойшы, жазбаймын" деп едім , басқа бір пікірге көңіл тойдырдым. Әлі Тэхёнмен С/енің ара-қатынасын талай жазамын. Сәл күте тұрсаңыздар, бәрін орын орнына қойып алайын?! Егер, қызықсыз болса, осы жерден тоқтатайын.