#BTS_IMAGINE_QRF
#Елестетші, әпкең қайтыс болғаннан кейін, Чонгук саған көңіл білдірді.
Өтініш, света музыкамен қосып оқиық. Музыкантарды жалдап қойып отырмын. Бағалаңыздар.
Осыған дейін біз қалай шындыққа тік қарап келдік? Алда не боларын ойланбастан, жасаған ағаттығымызға айтар сылтауымыз дайын болды ма? Өмірдің өзі дөңгелетіп тағдырыма сені жазғанын мойындауым керек пе, әлде мендік сезім соқыр жаңбырдың себелеп өткеніндей баяу есті ма екен…
Түннің үштен бір бөлігі. Екеуің жай ғана жоғарғы қабырғаға қарап жаттыңдар. Бір-бірлеріңе айтар сөздерің жоқ. Не қалды айтатын? Бәрін жаңа бітіріп тастадыңдар ғой.
Сен терең күрсініп:
— Мен нашар адаммын!
Чонгук саған бір қарап, қайта бұрынғы позаны ұстап қала:
— Бұл сенің шешімің болды ма?
— Ешнәрсе сұрама. Мен қазір өзімде емеспін.
Чонгук еріксіз күліп жібере:
— Әлі де сене алар емеспін.
— Шиюнмен некеңді қайтесің? - дегеніңде Чонгуктың күлкісі сап тиылды.
— О баста маған керегі сен болған. Мен дегеніме жеттім. Ал Шиюнға барлығын түсіндіремін. Барлығынан бұрын Ёнға жақсы болды.
— Мен өткен түні оның жылағанын естідім. Әпкем Юнджин бұл шешіміме риза болар ма екен?
— Сенен жақсы ана шығатынына сенімдімін, - деп, саған жымия қарағанда ұялып кеттің. Чонгук сөзін жалғап, — Шыныңды айтшы. Бұндай шешімге қашан келдің? Және неліктен менімен болуға келістің. Сен бұрын отбасылы болмаған жігітке тұрмысқа шығуға мүмкіндігің болды ғой.
— Бұрын отбасылы болмаған еркектердің бәрінің бірдей ниеттері дұрыс еместігіне көзім жетті. Және отбасылы болған еркектердің де бәрі бірдей жаман еместігіне көзім жетті.
Чонгук сенің сөздеріңе тәнті бола, ақырын өзіңе жақындап нәзік сүйісті қалайтынын жеткізгенде, сен өзің алғаш болып қадам жасадың. Қайтсін енді жарты жылдан көп уақыт аш жүру оңай ма?
Таңертеңгісін Ён бөлмелеріңе келгенде екеуіңнің бірге жатқандарыңды көріп:
– Әкее~
Сен атып тұрдың. Ён:
– С/а тәте? Сен қашан келдің? - деп, саған жабысып қалды.
— Ён? Тұрып қалдың ба?
Чонгук та ақырын оянып:
— Балам, келе ғой.
— Әке, С/а тәте неге апамның орнында жатыр? - дегенде Чонгук екеуің наконец то в ах*еее болып қалдыңдар?? Иә, мен сондай қатыгезбін. Пхахах!
— Ён, жүр, саған ыстық шоколад берейін, - деп Чонгук, Ёнды алып кеткенде сен:
— Ғұсыл алмайсың ба, Чонгук? - деп айтпадың. Себебі, кәрістер ғұсылдың не екенін білмейді…Оқырмандар, мені жоқ деп ойлаңыздааар! ↙️
Арада бірнеше күндер өткеннен кейін. Жол жиегінде аваринныйын жағып тұрған қара түсті көліктің жанына тоқтаған Tayota автокөлігінен Тэхён түсіп:
– Не болды? Тағы да жолда қалдың ба? - деді мысқылдай. Таныс дауыс құлағын қыршып өткен Шиюн:
– Шаруаң болмасын. Жөніңе жүр.
– Көмек керек пе? - күліп. Шиюн үфілдеп:
– Менен аулақ жүр. Сол көмегің болсын.
– Әлі де мойындағың келмейді ме? Мен сенің жаныңда жүргенде әрдайым жолың болады. Ал мен болмасам сенің басыңнан қиындықтар арылмайды. Факт па?
Шиюн ашулана Тэхёнға бір қарап, телефонынан такси шақыра бастады. Тэхён өзіне мән берілмегендігіне біртүрлі болып қала:
– Отыр. Жеткізіп саламын.
– …
– Қырсықпай отыр енді, Шиюн.
– Маған алаңдамай жұмысыңа бар.
– Біздің баратын жеріміз бір. Мына түріңмен жиналыстың соңында бір-ақ келерсің.
Шиюн ойланып қалғанымен әй ашуы жібермей жатыр. Тэхён Шиюнның қандай қырсық әйел екенін жақсы біледі. Болмаған соң Шиюннің қолдарынан ұстап ала, өзі зорлықпен көлігіне отырғызып жіберді.
– Не істеп жатырсың, ақымақ?! Түсір мені көліктен!
– Жоқ. Тек бір ауыз сөзіңмен ғана босата аламын.
– Сенімен сөйлескім де келмейді. Аш есігіңді. Әйтпесе…
– Әйтпесе не?
– … Ким Тэхён, өзіңше бір нәрсені өзгертемін деп ойлаушы болма. Сен мен үшін өлген адамсың.
– Неткен қырсықтың өзісің. Саған өзі бір нәрсені түсіндіруге болады ма? Жоқ па?
– Сен кешіктің. Түсіндіретін ешнәрсе қалмады, Тэхён.
– Сені мен сүйгендей ешкім сүйе алмайды, Шиюн. Тіпті Чонгук та.
– Қателесесің. Біз жақында некемізді қиямыз. Ол маған ұсыныс жасап қойды. Ал мен келістім.
– Жоқ. Мүмкін емес.
– Сен жалған деп ойлай бер. Бірақ бұл шындық. Сен қабылдай алмайтын шындық.
– Солай ма? Онда сен де, мен де ешқайда бармай, осында отырамыз. Сені сүйсе, Чонгуктың өзі тауып келеді, - деп, көлікті құлыптап тастады да, кілтті көлік артына лақтырып жіберді. Шиюн ашулана:
– Не істеп жатырсың, нақұрыс! Аш есікті. Ойнайтын уақытты тапқан екенсің. Ааш!
– Мен барлығын қайтарамын. Әкеңнің абыройын да. Барлық баспасөз қызметтеріне де шындықты хабарлайтын боламын. Жетеді ме? Сенің алдыңда кінәлімін. Маған бір мүмкіндік берші. Ана неменің көзін құрт. Қайта бірге болайық.
– Тым кеш. Енді ешнәрсені өзгерте алмайсың, Ким Тэхён. Жақында тойымыз өткенде өзің де бәрін түсінетін боласың.
– Бұл жай ғана сенің ойың. Ал мен сенемін. Сенің көздеріңнен маған деген сезімнің титтей болсын ұшқыны қалғанына сенімдімін.
Шиюн басын шайқады. Тэхён Шиюнның екі бетінен ұстай, нәзік сүйе бастағаны сол Шиюн Тэхёнды бар күшімен итеріп жібере, бетінен шапалақпен тартып жіберді. Көздері жасаурап, ашудан қызарып барады. Тэхён лә-мим демеді. Шиюн екінші бетінен тағы шапалақ бергенде, Тэхён бұл соққыны да сабырлы қабылдағанда Шиюн:
– Енді бұлай жасаушы болма. Сенің үстіңнен арыз жазатын боламын. Есікті дереу аш! - деп, нық сөйлеп тастағанда Тэхён думкаға түсіп қалды. Көп ұзамай Тэхён есіктің құлыпынан босатқанда, Шиюн сыртқа шығып кетті.
– Сайтан алғыр!!!
Осыдан бірнеше жыл бұрын Тэхён білікті пракурор болып жұмыс жасайтын кезі еді. Ол кезде Шиюн мен Тэхён үйленіп қойған уақыт. Белгілі бір себептермен Шиюнның әкесінің үстінен іс қозғалып, үлкен айыппен түрмеге тоғытылуы мүмкін жағдайда, Шиюн қанша күйеуіне әкесін аман алып қалуын өтінгенімен Тэхён дәлелдердің 95% қайынатасын кінәлі деп тапқандығын, тағылған айыпты ақтауға дәлелдерді табуға мүмкіншілігі болмағандығын айтқанда, отбасының шырқы сол арада быт-шыт болады. Істің артында Тэхённың әкесі Ким мырза болған екен. Амалдың жоқтығынан әкесін қорғап қалу мақсатында, Тэхён әйелі Шиюнның әкесін айыпты деп тауып жібереді. Одан біраз жыл өткеннен кейін Тэхённың әкесі дүние салып, Шиюн белгілі жетістіктерге жетіп, әкесін ақтап алуға беделді пракурор, адвокаттарды жалдап, сотта тағы жеңіледі. Себебі, сол арада барлық айғақтар мен Тэхённың әкесіне қатысты болған қолжазбалар Тэхённың қолында болған. Ал оны Тэхён Шиюнға бермеген. Солай-солай арадағы ажырасудан кейін, бет көріспестей Шиюн Тэхёнды жек көріп кетеді. Бәрі жақсы, сүйіп қосылған отбасы, бір ғана әкелерінің арасындағы конфликтпен екі жаққа кетіскен болатын. Содан әкесінің қазасынан кейін, Тэхён банк бөлімінің негізін қалаушы, мұрагер болып әкесінің орнына қалады. Шиюнмен арада болған кейкілжіңді қанша тоқтатуға тырысқанымен ешнәрсе шықпайды. Содан бәрінің соңында Тэхён кезіндегі әкесінің ісін қайта қозғап, Шиюнның әкесін ақтап шықпаққа тырысып, оның есесіне Шиюнды қайтарғысы келеді. Осыншама жыл шындықты жасырып келген Тэхёнды бірден қабылдау Шиюнге оңайға соқпаған еді. Әкесін ақтағанымен Тэхённың қойған шарты оны қанағаттандырмады.
Шиюн үйтіп-бүйтіп, жұмыс орнына да келеді. Үзілістердің бірінде Чонгукты көзі шалып қалып, жанына шақыртып алады да, Чонгукты кенеттен құшақтап алады. Бірнеше күн бұрын ғана ұсыныс жасалып, алғашқы сүйіс те болды. Бірақ Чонгук қазір Шиюнның құшақтағанына берер ешқандай реакциясы болмады. Шиюн ақырын босап:
– Не болды? Мені сағынбадың ба?
– Кан ханым…
– Кан ханым? Чонгук саған не болды аяқ астынан? Неге өзіңді бүртүрлі ұстаудасың?
– Сіздің алдыңызда айыптымын. Мен сізбен бірге болуға лайық емеспін. Өтінемін, мені кешіріңіз, - дегенде Шиюн бір-екі қадам артқа жылжып, күліп жіберді де:
– Бұл қай мазағың?
– Ешқандай да мазағым емес. Мен басқа біреуге үйленгелі жатырмын. Ал сіз… - деп жатқанда Шиюн ашулана:
– Тоқта! Сонда сенің айтпағың… Сен менен басқа біреуге үйленбексің бе? Бұл қайдан шыққан шешім? Сен екеуміз сөзбайластық емес пе? Тіпті неке қиятын күнді де белгіледік. Сен мені ақымақ еткің келеді ме? Ол кім? Қандай қыз? Жауап бер, Чон Чонгук!
Чонгук барынша сабыр сақтап тұр.
– Мұны өзіңе ертерек айтуым керек еді.
– Әлгі сенің балаңа қарап жүрген қыз ба? Сол ма?
Чонгук үндемеді. Это знак согласия болды. Шиюн күліп жібере:
– Түсінсем бұйырмасын. Сендер сонда әмпей-жәмпей болып жүрдіңдер ме? Сенің маған деген титтей де сезіміңнің болмағаны ма? Жай ойыңа келді ұсыныс жасай салғаның ба?
– Кешір. Бұлай боларын білген жоқпын.
– Сенден еркекетер өзі нені білесіңдер? Жауапкершілік дегеннен жұрдайсыңдар! Маған айтқан сөздеріңнің бәрі өтірік болғаны ма? Мені қандай күйде болады деп ойламадың ба?
– Шиюн, сенің алдыңда кінәлімін. Мен тек балам үшін саған үйленуге мәжбүр болдым. Уақыт өте сезімім ашылар деп ойладым.
– Сені көргім келмейді. Бұл жерден де, компаниядан да кеткеніңді қалаймын. Бізді енді ешнәрсе байланыстырғанын қаламаймын. Кет… - өзін әзер ұстап, көздерінен порша жастар ағып жатты.
Осынша дүрбелеңнен сырттағы қызметкерлер сонша не болып қалды деп есікке тақалып алыпты. Чонгук сыртқа шығып қалғанда бәрі пытыр-пытыр ете қалды.
Чонгук бірқысым бола, жай ғана кәбинеттен шығып кетті. Шиюн тынысын орнына реттей алмай, жан-жағын қирата бастады. Бүкіл компания Шиюн мен Чонгуктың үйленгелі жатыр деген хабарларынан үйленбейтін болыпты, Чонгук Кан ханымның сыртынан басқа біреумен жүріп қосылыпты деген сыбыс тез тарап кетті.
Кешкісін Чонгук Шиюнмен болған ұрысқа еш көңілін түсірместен отбасылық кеш ұйымдастырып Ён мен сені мейрамханаға алып келді. Чонгукпен болған жайт жайында анаңа ешнәрсе айтпадың. Ол білсе, қуана қоймасын білетінсің. Әзірге бұл жайында тыс жармау керек деп ойладың.
Көңілді кеште Чонгук:
— Қалай болғанын қалайсың? Некемізді жай атап өтсек пе екен, әлде неке сарайында өткенін қалайсың ба?
Сен жеп отырған тамағыңды тоқтатып, біраз тұрып қалдың. Саған бұл нәрсе әлі де үйреншікті емес. Іштей бірнәрсе әлі қарсылығын білдіретін секілді болды да тұрды.
— Бәрі дұрыс па?
— А, иә. Ешқандай да дүркіретіп атап өтудің қажеті жоқ, - деп, қысқа қайырдың. Чонгук сенің ойға шомып кеткеніңе, қалтасынан қызыл түсті қорапшаны алып шықты да, сенің алдыңа қойып:
— С/а, менің өмірлік жарым болуға келісесің бе? - деп, қорапшаны ашқанда ішінде нәзік неке сақинасы болды. Жүрегің тулап, көңілің босап кетті. Көз алдыңда кезіндегі Юнджин әпкеңнің саған алғашқы болып неке сақинасын көрсетіп, сүйіншілеген кездері есіңе түсіп кетті. Сол бір бейне ерте солып, сол бір қыздың орнында өзің тұрғаныңа бір жағынан ұялып та тұрсың. Чонгук сенің әлі де дайын еместігіңді сезгендей ақырын жүзікті өзіне алып:
— Өткен түн үшін өкінесің бе?
Біраз уақыттық үнсіздіктен кейін:
— Кешір. Мен біраз таза ауаға шығып келейінші, - деп, сыртқа жүгіріп кеттің. Чонгук екі ортада не істерін білмей қалды. Өткен түні сенің шешімің анық секілді болғанымен, бүгін оған өкінетін секілдісің. Сен сол бойы сыртқа шыққаннан қайта мейрамханаға оралмадың. Чонгук сені көруге артыңнан шыққанда жоқ екеніңді байқады. Болары болып бояуы сіңген секілді көрінгенімен, бір түндік оқиға ешнәрсені шешпейді. Себебі, әр елдің менталитеті әртүрлі.
Арада ендігі бірнеше күндер өтті. Сен баяғыша қайта Чонгуктан қаша бастадың. Үйге де бармадың, Ёнды да көрмедің. Апаңмен де хабарласпадың. Чонгук жаңа жұмыс орнынан кештетіп қайтып келе жатқанда, үйінің алдында тұрған Шиюнды көрді. Оны көрсе де көрмегендей жанынан мимо өтіп кетейін деп еді, Шиюн:
— Чонгук!
Чонгук теріс қараған күйі тоқтады. Шиюн Чонгуктың қолынан ұстап:
— Кімді алдап жүрсің? Сен ешкімге үйленгелі жатқан жоқсың ғой.
— Оны қайдан білдің? - Чонгук қабағын шыта.
— Сенің жалғыз жүргеніңе қанша болды. Маған өтірік айттың ба? Үйленгің келмегендіктен жай айта салдың ба?
— Жоқ. Мен тек шындықты айттым.
— Нақұрыс! Кетпе! Мені тастама, - деп, Чонгуктың кеудесінен ұрғылап жатыр. Чонгук Шиюн ұстап қала:
— Үйіңе қайт. Кеш болып кетті, - деп, қолын ысырып тастай кетіп қалды. Шиюн ұяттан жерге кірмей жарылып кетердей болып тұрды.
— Ақымақ! Маған жасағандарың үшін жауап бересің!
Арада бір апта өтті. Кеш құрым, жүрегіңе тыныштық таппай кеткеннен кейін далбасалап, өзіңнің туылған ауылыңа апаңа келдің. Апаң бәз баяғыша үйдің ауласында отырып, шалқандарды тұздап жатыр екен. Қақпа сыртында ұзақ көз тастап, кезінде осы жерде ойнап-күліп, бірге ұрыс естіп, бірге шалқан тұздаған уақыттарың есіңе түсіп кетті. Қақпадан ақырын кіріп, апаңа жақындасаң да ол сенің келгеніңді байқамады.
— Қашан осы кәсібіңді тастайсың? - дегенде ғана апаң басын жоғары көтере:
— С… С/аа? - таңданысын айтып жеткізу мүмкін емес.
( Екінші әуенді қосыңыздар )
Апаң бөлмеге ыстық тамағынан алып келді де, өңіңнің қуарғанына қарап:
— Тамақтан ал. Қанша күннен бері нәр татпаған секілдісің ғой өзі. Жұмыстан шығарып жіберді ме не? Мұнда неге келдің?
Сен ыстық сорпаны жылап жіберуге шақ іштің де:
— Сені көруге келдім. Болмайды ма? - тағы бірнәрсе десе өксіп салғың келіп тұр. Апаң аяғын созып, терең күрсініп-күрсініп:
— Эхх, болады ғой, әрине. Телефонмен хабарласа салсаң да жеткілікті ғой. Жұмысыңнан қалып қалма. Қазіргі заманда ондай жұмысты қайта таба аласың ба, кім біледі, - сенің келгеніңе қуанғанын білдірейін десе, “жұмыстан шығарып жібереді ме” деп, әдейі сені қимай қалмасын деп қатайып отыр. Кореяда жұмыс табу қиын, жақсы жалақы беретін орындарда конкуренция деген өте көп. Әзер дегенде тірнектеп сені оқытып, жақсы жұмысқа кіргеніңде айрылып қалғаныңды қаламаған түні ғой. Сен тамағыңды жұтындың да апаңның созылған аяғына басыңды қоя жата қалдың. Апаң иығыңнан қаға:
— Бала болып кеттің бе, С/а?!
— Апа, шашымнан сипашы. Алақаныңды сағындым…
Апаң үлпілдек шаштарыңды сипап отырып, ашына күрсінді.
— Сендерсіз жалғысырайды екенмін, С/а. Ана үшін балалары әрдайым кішкентай болып қала береді деген осы екен ғой. Жалғыз өзім тірнектеп Юджин екеуіңді ешкімнен кем қылмайын деп өсіріп, жетілдіріп, сопа басымның осылай сопиып қалатынын ойламаптым да ғой, - көздерінен жастары сырғып жатыр. Сен де апаңмен қосыла жылап:
— Апа, мені кешірші. Ақымақ қызыңды кешірші…
— Егер Юджин тірі болғанда, екеуіңді қос құшағыма қысар едім. Екеуің бір-біріңді жетектеп, сонда ақылды болып, тез бойжетіп кеттіңдер. Қалай өзіңді ақымақпын дейсің, С/а? Мен өзімнің сендерге берген тәрбиеме сенемін, - жылап отырып күлімсіреді. Сен апаңның Чонгукқа қосылуыңа сөзсіз қарсы екенін біле тұра, онымен түн өткізіп қойғаның жайында айтудың өзі қалай боларын түсіне алмадың.
— Апа… Егерде мен… Чонгукқа тұрмысқа шықсам… - деп, сөзіңнің артын жеп қойдың. Апаң үнсіз сені тыңдап отырып:
— Қызым, сені жақсы түсініп тұрмын. Арадағы Ёнды ойлайтыныңды, Юджиннің соңғы аманаты екенін де білемін. Бірақ қазір сенің айтып отырғандарың жай ғана бір сәттік сезім. Уақыт өте екі жақ та мұны ұмытады. Сен өзіңе жақсы жігіт жолықтырасың. Чонгук та қаласа жақсы қызға үйлене жатыр. Мен саған өз ойымды бұрын да айттым ғой. С/а, мені ойласаң ойыңнан бастарт.
Сен жай ғана көз жасыңды сығып қалдың. Іште кетті ғой бәрі…
Таңертеңгісін ерте жолға шығып кеткен апаң, тіпті сені оятпады да. Басын салбыратқан күйі сенің апаңның алдында отырған Чонгук ұзақ үнсіз отырды. Апаң көзіне жас алып, оны тамып кетпес үшін барынша өзін ұстап отыр.
— С/а саған “тұрмысқа шыққым келеді” деп айтқанда, не ойларымды да білмей қалдым. Мұндай оның басына қалай келгенін түсінсем бұйырмасын. Өзің айтшы, араларыңда не бар? Бұл қашаннан бері басталды?
Чонгук өзіне барлық жауапкершілікті көтеретінін білдіргісі келгендей:
— Апа, С/а’ны жақсы көремін… - деді жай ғана.
Апаң жүрек тұсын ұстай:
— Неге бұл тағдырды менің қызыма да бердің екен? - көздеріндегі әзер ұстаған жастары сырғып жатты.
Кішкене автордың ах*енный флэщбекасына кезек береміз.
— Сені екі қызыңмен жетімсіретіп, далада қалғандарыңды қаламаймын. Бірақ өз жездеңе тұрмысқа шығамын дегенің қай сасқаның? Сен әйелдің ұятың жоқ па? Әлде апаңды тірідей көмгің келеді ме?! Одан да өмірден байсыз жалғыз өт!
— Апа, ол мені жақсы көреді. Мен де оны. Ол менің қыздарыма қамқор болады. Бәрібір әпкем онымен ажырасып кетті. Тіпті бізді де тастап кетті. Сен білесің ғой оның қандай жақсы жігіт екенін!
Демек, бұл жерден сенің апаңның әпкесі болғандығын және күйеуімен ажырасып, басқа бағытта отбасымен араласпайтындай бет көріспей кетіп қалғандығы белгілі болып отыр.
Жалғасы әдеттегідей төменде↙️
#Calvin_Klein