#BTS_FANFIC_QRF
♨️ ҮШІНШІ КӨЛЕҢКЕДЕ ♨️
Басты рөлдерде: Чон Чонгук, Ким Се Яң, Мун Бёл, Ан Хи Ра, Ким Сокджин.
Жанр: романтика, драма, фантастика.
Бөлім саны: mini 6.
Автор:#FlowerFly
{3-бөлім}
—Ұлымды көруге....- деп ыңғайсызданып қалды.
— "Ұлым" деймісіз? Кешірерсіз, сіз расымен жаңылысып кеттіңіз.
— Жоқ, Се Яң мен дəл осы жерге келіп тұрмын. Жаңылыпта, адасыпта тұрғаным жоқ.
— Сіз менің есімімді қайдан білесіз? Тұра тұрыңыз, түсінбедім, демек сіз..- деген күйі дауысы шыкпай, сөйлей алмай қалды.
— Мен өз ұлымды көруге келдім.
— Сіз, əкесі боласыз ба? Ой, жоқ! Сия рухымысың?
— Сия рухы емес, Сокджин деп айта берсең болады.
— Расымен, Сия рухысың ба сонда? - таң қалғаны соншалық, ауызы ашылып қалды.
— Ия, сен айтқандай болсын. Сия рухымын.
— Шынында солай болса, онда айтшы, баланың əкесі кім?
— Əкесі ме? Ол мен, менің балам.
— Қумашы, есің дұрыспа?
— Неге олай дейсің? Неге маған сенгің келмей тұр? Сену тым қиынға соғама.
— Сен рух болсаң, əкесі қалай сен. Рух пен адам арасында бала болады деп ойлайсың ба?
— Əрине, дəлелі міне қолыңда ғой. Сен рух дегенге мені тым қорқынышты елес секілді деп ойлама.
— Елес емес, несің енді?
— Сен секілді адаммын. Ет пен сүйектен жаралған, жаны бар, күліп тіпті жылай алатын қарапайым адам.
— Адам екенсің, қайда болдың осы уақытқа дейін? Мен "баланың əкесі кім?" деп сонша ойланғанда, қайда едің?
— Сону үшін, жақсы əке болуға тырыстым. Қарапайым адам болып, сенің жаныңда болу үшін оралдым.
— Енді Сия рухы емессің бе?
— Жоқ, - деп басын сүйкімді шайқады.
— Маған бəрін айтып беруің керек, ұмытып кетпе, - деп уақытша əңгімені тоқтатты.
Сокджин, баланы қолына алды. Əдетте ерлер жаңа туылған сəбиді ұстауға қорықса, Сокджин керісінше оны қолынан тастамайды. Се Яң əліде күдіктеніп жүр. Расымен ол əкесіме, расымен Сия рухыма деген ой маза бермеді. Сокджин баланы қатты күткені көрініп тұр, иісіне тоймай тіпті, Се Яң тамақтандырып жатсада қасынан бір елі шықпай, бірге болуда. Сырттай керемет отбасы көрінісі. Бала мен ананың жағдайы жақсы болған соң, ауруханада 3 күн жатсада жеткілікті болған еді. Сол 3 күнде Сокджин өте керемет əке болатынын дəлелдеп шықты. Түнімен де, күнімен де қасынан мүлде шыққан жоқ. Бала жылағанда Се Яң емес, өзі қарады. Қысқасын айтқанда баланы сүтпен тамақтандыра алмағаны болмаса, анасы өзі болды. Балаға қарап қоймай, жас анағада қамқорлық жасады. Се Яңның көңілі жібігендей болды. Ауруханадан шығатын күні:
— Құжаттарды толтыруыңыз керек ханым, - деді мейірбике.
— Жарайды,
— Негізі барлығын өзіміз реттеп едік, əкесінің есімі ғана қалды. Соны жазсаңыз болды.
— Əкесінің есімі ме?...Оны жазбасаңыз болмайма?
— Неге жазбаймыз? Маған беріңіз өзім толтырып беремін. - деп Сокджин құжаттарды қолына алып бəрін толтырды. Баланы заңды түрде өз тегіне тіркеді.
— Сен расымен əкесі екеніңді білмеймін ғой. Неге олай жасап жатырсың.
— Оны біліп, сенудің қажеті жоқ. Қарасаңшы, ол менен айнымайды. - кішікене ыржиып.
— Саған мүлде ұқсамайды! Өзіме тартқан балам.
— Ким Сону, Ким Се Яң мен Ким Сокджиннің ұлы. Керемет үйлесімділік.
— Ия, үйлесімді. Кетсек қайтеді? Өзім кетемін десемде қоймадың "жеткізіп саламын" деп.
— Жарайды, айтсаң болды ғой қымбаттым. - "қымбаттым" деген сөзді естіп Се яң кішкене біртүрлі болып қалды.
— "Қымбаттым" дегенің не? Олай атаушы болма мені.!
Көлік іші. Сону тəп-тəтті кейпінде ұйықтап жатыр. Се Яң да үнсіз отыр, Сокджин жаймен Чонгук пен Хи ра туралы əңгіме бастап келе жатыр.
— Ия, білемін сен олар туралы айтқың келмейді. Меніңде олар туралы сөйлесуге құмартып тұрғаным жоқ.
— А? Кімдер туралы айтып отырсың?
— Сенің жігітің болған жарымес пен сатқын құрбың.
— Ааа, айта бер. Олар ендігі мені алаңдатпайды. Болар іс болды. Солардың арқасында осындай ғажайып ұлым дүниеге келді.
— Расыменде бұл сені ренжітпейме?
— "Жоқ" дедім!
— Сен не болғаны туралы білесің бе?
— Сен жəне бала олардың жоспарында болмағанын білемін. Хи раның Чонгукты ұнатып, оны менен тартып алғысы келгені үшін қайдағы жоқ жынмен өмірімді тас-талқан еткенін білемін.
— Бəрі сен ойлағандай емес, сен білмей қалған жерлерде бар.
— Білгім келмейді.
— Хи Ра жайдан-жай Чонгукқа есі кеткен жоқ. Чонгук...
— Саған "білгім келмейді" дедім емеспе?!
— Бірақ мен өзім жайлы саған бəрін айтып бергім келеді. Өзіңде бəрін айтып беруді сұрап едің. Мені қабылдағаныңды қалаймын. Ол үшін істің мəн-жайын біліп алуымыз керек қой. - деп өз сөзін жалғастырды. Се Яң да үндеми тыңдай берді. Хи Ра мен Чонгук жақсы қарым қатынаста болғандығы үшін Хи ра оны өзіне қаратып алғанын, яғни Хи Раны үміттендірген Чонгуктың өзі еді.. Ал Мун Бёл есе қайтаруға келген елес қана емес, зұлым күшке ие елес екенін, оның осы өмірге қайтып оралғысы келетінінде айтты. Се Яңды əр жігітке апармақ болған сайын, өзінің кедергі жасап отырғанында қалдырмай баяндады. Мун Бёл, Се Яңның ішіне еніп жаман істерге бастағанда əрдайым жанынан табылған өзі екенін жеткізді. Солай барлық затты ретімен айтып берді. Құтқаруының себебі, өзінің рух болғанында емес адам ретінде ұнатып, сүйіп қалуы екенін ашып айтты. Көлікті аз уақытқа тоқтаттыда, сезімінің шынайы екенін, оған ешқандай қиянат жасамағанын айттып берді. Се Яңның қолынан ұстап оны ешқашан жылатпауға сөз берді.
— Мен сені аспан айналып жерге түсетін болсада тастамаймын, - деп Се Яңды ернінен сүйіп алды.
— Қуасың ба?
— Өз сезімімді білдіріп жатырмын - жымидыда, көлікті ары қарай жүргізді.
— Ал, балаға келетін болсақ, əлгі мыстан екеуі сені бір жігіттің құшағына кіргізбей қоймады. Сол уақытта басқа амалым болған жоқ. Сені одан кейінде қорғау үшін, саған сауыт кигізгім келді. Ал кішкентай сəби таптырмас қорғаныш еді.
— Ия түсінікті, оның енді маңызы жоқ. Үйгеде келіп қалдық. Ойланып қарасам өткенді қазбалай бергеннен пайда жоқ. Анау жерге тоқтайсың, ішке кіретін шығарсың.
— Ия білемін, осында қалсам ше?
— Сен тым қатты кетіп жатырсың. Осы жерден қайт, ішке заттарды кіргізіп кете берсең болады.
— Жай əзілдеп жатырмын ғой. Жай бір шай ішіп кетсем болатын шығар, - көздерін жыпылықтатып, мейрімділік сұраған күшік тəрізді. Се Яң келіскендей болып басын изеді. Үй ішіне кірген сəтте, Се Яң үй іші шашылып жатыр деп ойлаған еді. Алайда, үй іші шарлармен сəнделген екен. Жатын бөлмеге ұл балаға арналған жиналмалы бесікте қойылыпты. Қабырғаға "ҚОШ КЕЛДІҢ БІЗДІҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫМЫЗ" деп жазу ілініпті. Жас анаға керек барлық жабдықтармен, сөрелерде толып тұр. Се Яң бұл затты мүлдем күтпеген еді, көзінен мөлтілдеп жастар ағып түсе берді. Барлығы Се Яң мен Чонгук армандағандай еді. Барлығын Сокджин жасасада, тап бір Чонгук Се Яңға қайта оралғандай көрініс тапты. Сокджин Се Яңды жылы құшағымен қысып, үйге ертіп кірді.
Се Яң Сокджиннің орнында Чонның болғанын қатты қалағаны көрініп тұр. Сонуды жаңа кереуетіне жатқыздыда, екеуі бірге бір-бір кесе кофе ішті.
— Жалпы, менің рух болғанымды білесің. Бірақ қазір мен қарапайым адаммын.
— Ол қалай? Ондай мүмкіндігің барма?
— Негізі жоқ, бірақ Сону менің рух ретіндегі өмірімді аяқтады.
— Енді расымен, менің қасымда боласың ба? Сонуды бірге өсіреміз ғой иə?
— Егер сен келіссең əрине. Мені ұнатпайтыныңды білемін. Сону үшін үйленсек қалай қарайсың?
— Ыыыыым, білмедім. Оның əкесіз өскенін қаламаймын. Мүмкін үйленсек, үйленейік.
— Расымен келіссең, барлығын өзім дайындаймын...
Солай қаламасада Сокджин өз үйіне қайтты.
Зəулім, үш қабатты үй.. сағат: 21:35 еді.
— Чооон, қашан келесің?
— Шаруаң болмасыншы! Қашан қалаймын сол уақытта өзім барамын.
— Мен саған тосынсый дайындап жатыр едім.
— Керек емес, мазамды алмашы. - телефонды қоя салды.
Телефонның артында қыздардың күлген дауыстары жап-жақсы естіліп тұрды. Хи Ра бұл жауапқа не күлерін, не жыларын білмей қалды. Үйленгендеріне бір апта енді болғанда, өзіне опасыздық жасағанына сене алар емес. Чонгук түнгі клубтардың вип кəбинетінің бірінде отырған еді. Се Яңның сəбилі болғанын естіп қайғыға салынып отырды. Се Яңды мүлде сүймеген секілді, алайда өзіне тиесілі заттан айырылып қалғандай. Шынына келсек Се Яңды сүйіп ұнатқан болатын. Бірақ болған жайттардан соң, өз сезіміне секем алып қалды. Хи Раға қалай үйленгенін байқамайда қалып еді, бəрі ашу-ызаның кесірінен деп өзін ақтап алуға тырысуда. Чонгук мүлде өзгерген еді, адал жəне тəрбиелі жігіт енді жоқ. Се Яңмен бірге болғысы келседе қолынан келмейтініне қатты қиналып, жүрегі қан жылап тұрады. Хи Ра ол үшін қызықсыз, жасанды ойыншықтай болып қалды. Хи Ра есе оның сезімдері расымен шынайы деп қабылдап қалған болатын. Қазір ол Чонгук екеуінің бөлмесінде, қаптаған қара түтінге тұншығып, дем ала алмай қиналып жатыр.
— МАҒАН! Маған бер! - ащы айқаймен, зұлым дауыс тым қорқынышты болатын.
— М..м..Мун Бёл тоқташы, а..а..аз уақыт қана берші, сағанн Се Яңның денесін б..бер..емін.
— Оны күтуге уақытым жоқ, сен керексің!!! - деп бас салып қылқындыра бастады.
— Өтініш, мүмкіндік берші!!!
— ӨЛ! ӨЛ ДЕДІМ САҒАН. ОПАСЫЗ ӨЛСЕҢШІ ҚАНЕ! МЕНІ АЛДАП СОҚПАҚ БОЛДЫҢ СОЛАЙМА?!
— Ж..жоқ, сен қа..те түсіндің...- деп сөзін аяқтай алмай есінен танып қалды.
— Сұрқия неме! Мені алдаудың қандай боларын көр енді. - Хи Раның жансыз жатқан денесіне сиқыр жасады. Содан соң арада бірнеше сағат өтті. Чонгук есіктен кіріп келді. Үй тып-тыныш, ешкім жоқ тəрізді. Чонгук бөлмеге қарай қабырғаны жағалай жаймен барды. Бөлме іші қап-қара, атмосферасы үрейлі болды. Жарықты қосып қалып еді, төсек үстінде Хи Ра ұйықтап жатыр екен. Чонгук оны ренжіген екен деп, басқа бөлмеге ұйықтауға кетті. Тым көп ішкені сонша аяғында əрең жүріп, көрінген төсекке құлай кетті.
Түс уақыты.
— Айщ, басым-ай. - су құйылған ыдыс ішін қарап еді, су қалмаған екен.
— Хи Ра! Су əкелші!..... Хи Раа! - ешқандай жауап қайтпаған соң, өзі тұрып бөлмеге қарай барды. Бөлме іші əлі қараңғы болып тұр екен. Терезе пердесін ашып, Хи Раны оятпақ болғанда, Хи Раның орнында Се Яңның жатқанын көріп таңырқап қалды. Мүмкін тым көп ішкенімнен деп ойланды. Бірақ бұл шынайы еді. Жанына отырып, сұлу болып ұйықтап жатқан Се Яңның шашынан сыйпап, оған деген сағынышын басқысы келді. Бетінен жеңіл сыйпап жатып, еріндеріне көзі түсті. Бұл мүмкіндіктей көрінді, жаймен ерніне жақындап сүйе бастады. Тым қатты беріліп кетті, ал Се Яң бұл əрекеттен шошып оянды. Чонгукты итермек болсада оған шамасы келер емес. Чонгук мүлде есін білмейді, ісін əрмен қарай жалғастырып жатты. Се Яң қанша ұрғылап, итерседе оны сезіп жатқан жоқ. Киімін шешуге кірісіп жатыр еді, Се Яң басынан жарық шамымен ұрып қалды. Кішкене басы айналып, есін жиғандай болды. Өзінің істеген ісі үшін кешірім сұрап, алдында қорықыныштан жылап жіерген Се Яңға қарай алмай шығып кетті.
— Мен не-не істеп қойдым, есің дұрыспа ақымақ, ақымақ - деп басын ұра берді.
Се Яң:
— Мен мұнда не істеп жатырмын. Сону, ол қайда? Сонуым, қазір барамын, қазір.
Се Яңның бөлмеден атып шыққанын көріп, Чонгук оны қорыққаннан қашып бара жатыр деп ойлады.
— Тоқта, кешірші Се Яң - деп қолынан ұстап тоқтатып алды.
— Чонгук! Мен кетуім керек жіберші.
— Кешірші мені жаным, өтінем кетпеші. Мен жан-тəніммен, сені қалаймын.
— Мен ұлыма баруым керек. Жіберші енді, қарны ашқан шығар.
— Мен сені жібермеймін. Сен мендіксің, сен біреудің баласына қамқорлық жасамайсың. Жүрші сөйлесейік, мен сені сағындым.
— Есіңнен алжастың ба?? Тұршы былай жолымнан! Сен маған бір тиынғада керек емессің!
— Тоқта! Ашуыма тиме, мен не істей алатынымды білесің бе?! Қазір сені кім құтқара алады, біреу келіп құтқара алама, жаңағы ісімді жалғастырар болсам?!
Сокджин:
— Қолыңды тарт қане одан!
3 бөлімнің соңы.
Кешіктірілген уақыт үшін кешірім сұраймын!