#BTS_IMAGINE_QRF
#Елестетші, өзің қатты қорқатын Юнгимен келісім бойынша некелесудесің.
3-бөлім
#Елестетші, үйлену тойы. Салтанатты сарай. Ертегідегідей үлкен қақпасынан қонақтар ағылып кіріп жатты. Бұл салтанатты кеш патша мен патшайымның үйлену тойы секілді. Барлық Кореялық тұрғындар осы кеш қонағы болуға келгендей. Əрине, Юнги де, сен де өте қауқарлы адамдарсыңдар. Биік ғимарат терезесінен сыртқа көз тастай қарап тұрсың, ішің алай-дүлей болып барады. Бір апта алдын Юнгидің айтқан сөздері көкейіңді кернеп барады. Бұл неке бекер болмағаны ғой. Ол шынайы некені қалау себебін сенің ашық сандарыңа, мойныңа ынтыға қарауымен-ақ түсіндірсек болады. Дұрыс таңдау жасай алмасаң, өміріңнің күл талқаны шығуы мүмкін. Өмірің тозаққа айналмаса болғаны.
#ескетүсіру
— Біз бұлай келіспеп едік!
— Қалай келістік енді? "Маған тұрмысқа шығасың" дедім. Келіскен сенсің.
— Сен "сценарий бойынша" дедің!
— Сценарий тек біздің махаббат хикаямызда ғана болады. Ал өміріміз шынайы. Сен енді бұл шарттан бастартасың ба? Мен сені қинамаймын.
— Бірақ...
— Не бірақ? Ақша керек пе? Компанияда керек солай ма? Менің есімімнің өзі саған үлкен көмек. Сол үшін сен бас тарта алмайсың. Менің айтқаныма қарсы келме!
#ескетүсіруаяқталды
Есік қағылды. Ойға батып кеткен сен селк ете, терезеден алшақтадың. Етегі ұзын, ақ көйлегіңмен əзер дегенде артыңа қарай бұрыла алдың. Юнгидің көмекшісі теріс бұрылған күйі сөйлей:
— Юнги мырза ішке кіргелі жатыр, дайынсыз ба?
— Иә, бұлай сөйлескенің маған ыңғайсыз. Неге маған қарап сөйлемейсің?
— Болмайды. Мырза сізді той көйлегімен алғаш болып тек өзі көру керектігін айтты. Бізге болмайды.
— Қойсыншы, сол мырзаң. Бəрібір де киінуіме көмектескен қызметкерлер бар ғой көрген.
— Мырза оларды арнайы өзі таңдады. 25 адамның ішінен сізге көмектесуі үшін тек 2 адам ғана таңдап алды…
— Ой, қойшы болды. Білдік мырзаңды, - ауыр көйлекпен əрең жүре орындыққа отырдың. Көмекшіге “кете бер” дегендей қолыңды сермеп, өзің шалқая терең тыныстап алдың. Бұл іс сені тыныштандырушы еді. Юнгиді көргің де келіп тұрған жоқ. Бірақ енді онымен бір үйде тұрып, бір төсекте жатасыңдар. Бəрі бірге, жұмыста да Юнги, үйде де Юнги. Ол туралы əр ойлаған кезіңде атом бомбасын жұтып алғандай ашуға берілесің. Ол сені шарасыз хəлге жеткізді. Қанша жерден одан қорықпайтындай сыңай танытсаң да, ол саған бірдеңе жасай ма деген қорқыныш сені ешқашан босатқан емес.
— Қап! Мына Юнги! - жоғары қарап жата, Юнгиді біраз жерге дейін апара боқтап тастадың.
— Өте əдемісің, - Юнгидің қоңыр дауысын естіп, басыңды бірден көтердің. Ойыңда бір ғана сөз "оны боқтағанымды естіді ме?".
— А? Қашан келіп қалдың? - көйлегіңнің кеудесі төмен түсіп, ал Юнгидің екі көзі төртеу бола соған бақырайып қарап тұрғанын көріп, реттеле бастадың. Юнги көздерін алмай:
— Көйлек шамасы сенің арық мүсінің үшін үлкен болды, - орныңнан тұрып реттемек болып жатқанда, Юнги үлкен қадамдармен сенің алдыңа тым тез жетіп келді. Дұрыстауға тырысқан көйлегіңді, сенің қолыңды ала өзі көтере дұрыстай бастады. Аппақ қолдарында кішкене көкшіл тамырлары айқын білінеді. Үстіне сепкен əтірі бөлмеге жайылып тұрды. Кеудеңе көйлекті көтеріп дұрыстауда. Оның жылы қолдары денеңе тиген кездерде тым суық секілді сезілді. Сені айнала артыңа қарай өтіп, қайта көйлегің босамауы үшін, көйлектің арқасын қысып байлады. Содан соң ашық тұрған иықтарыңнан сүйе:
— Мені сонша жек көресің бе? Өлгенше боқтадың ғой. Аз қалды сен бəрібір маған тиесілі боласың, - қолдарын беліңе жібере, арқаңнан құшақтап тұрды. Сен оның жасап жатқан əр қылығынан ыңғайсызданып барасың. Юнги мұны бірден сезе:
— Менен қысылушы болма. Менен ұялма, ыңғайсызданба. Сен солай еткен сайын бұл мені азапқа салады.
— Юнги, жіберші. Көмектескеніңе рақмет. Енді қонақтар алдына шығатын уақыт келді.
— Иә, сен енді менің əйелім боласың.
Оның қолдарын ұстай ақырын төменге түстіңдер. Барлығы қол шапалақтай сендерді қарсы алды. Екеуің өте жарасымды жұп болғаннан кейін бəрі сендерге тамсана қарады. Жоғарыдағы неке қию орнына келіп тұрдыңдар. Неке қиюшы қызметкер өзіне берілген міндетін атқарып, некелеріңді қиды. Қонақтар кезекпен сендерді құттықтауда. Артынан би, əн болып кеш керемет өтті. Əкең сені ұзақ құшақтай, бақыт тіледі. Ол сенің бұл некеге əкең үшін келіскеніңді білмейді, əрине. Білген болса бұл некеге келісім бермес еді. Əп-сəтте ғана салтанатты əрі өте жоғары деңгейдегі тойларың соңына жетті. Маңызды қонақтармен өздерің арнайылап қоштастыңдар. Əлі ортада би болып жатты. Сен оларға қарап, сызылып тербеле билеп тұрдың. Қасыңа Юнгидің көмекшісі келді:
— Ханым, сізді үйге апаруымды сұрады. Жүріңіз.
— Неге? Юнгидің өзі қайда?
— Шет елден келген қонақтармен отыр. Сізді алып кетуімді айтты. Жүріңізші.
— Мейлі, өзім де шаршап тұрмын, - сені үйге жалғыз жібергеніне қарап, бүгін ол күткен неке түні болмайтына қуандың. Ішің біртүрлі ауырып өзің де үйге қайтуға асық болған соң, Юнгисіз кету сені қатты қуантты. Үй өте үлкен. Сендерге арналған бөлме қайда екенін таба алмадың. Қызметшілерден сұрайын десең олар да жоқ. Ішің бүріп ауырып сала берді. Демалғың келіп, жататын төсек орын іздеп барлық бөлмеге кірдің. Өз бөлмелерің болмаса басқа бөлмеге кіруге бата алмадың. Ақыры таптың, дəліз соңындағы бөлме сендерге арналып жасалған секілді. Бөлме іші өте əдемі. Көйлегіңді шешуге өзіңнің шамаң келмеді. Ішіңмен қоса белің де, ауыр жүк арқалағандай сыздап сала берді. Төсекке той көйлегіңмен құлай кеттің. Ішіңнің ауруы тектен-тек емес. Жаңадан бері тұрып тұрған аяқтарың босаңсып, денеңе ғана той көйлектен еркіндік сезімі жетіспей тұрды. Солай тыныш қана жатқанда, Юнгиді қалай алдап соққаның есіңе сап ете қалды. Бірден орныңнан атып тұрып күнтізбеге қарадың:
— О, жоқ! Əлгі күндер ме? Қалайша мен ол жайлы ұмытып кеттім? Қуаныштысы əлі 4 күн бар, - басыңнан ұстап, төсектен тұра бергенде сыртқы есіктің жабылған даусы шықты.
— Қап! Юнги келді, шамасы біткен жерім осы болар, - тез-тез қимылдауға тырысып, көйлегіңнің етегін қолыңа жинап жуынатын бөлмеге қарай асыға кірдің. Есігің жаба бергенде Юнги де бөлмеге кірді. Ол саған ауыз ашып сөйлеймін дегенше есікті құлыптап алдың. Қол жуғышқа сүйеніп тұрдың.
— Өтірікті де дұрыстап ойластыру керек еді, ұзақтау уақытқа созылатындай етіп. Мына сорлы да неге келіп қалды, айщ. Блять, қарашы қандай күйге түстім! - Юнгидің есік тақылдатқанынан қорқып, айна алдындағы шыны ыдыстағы сусабынды сындырып алып едің, сені өз-өзіне бірдеңе жасап қояма деген Юнги, есікті дереу бұза ішке кіре кетті.
— Бəрі дұрыс па, С/а? Неге жауап бермисің? - асты-үстіңе түсіп, жағдайыңды білуге тырысып жатыр.
— Сабын қолымнан түсіп кетті, - қобалжып тұрған, тіпті той көйлегіңді де шешпеген саған қарап, Юнги абдырап қалды. Сені алғашқы түннен қорқып тығылып жүр деп ойлады ғой шамасы, бетіңнен ұстап:
— Неге сонша шошисың? Қорықпа, түніміз лəззатқа толы болады. Сөз берем. Көйлегіңді шешуге көмек қажет пе? - сені жерден жатқан шыны сынықтардан асыра, оп-оңай көтеріп алды. Оған не сөз айтарыңды білмей, тентек болып барасың. Сені көтерген күйі бөлмеге əкелді. Төсектің жанына əкеле қойып жіберді:
— 3 жыл, сені дəл осылай көруді күттім білесің бе? Сенің əрбір милиметріңе дейін мендік болуың, - саған жақындап, нəзік сүйісін бастады. Сен көзіңді жұма, жауап қайтара бастадың. WTF! Бұл сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес шығар. Ол бірден мойныңа түсе, асығып барады. Мойныңдағы ащы іздерден көзің бақырайып кетті, Юнгиді итергің келсе де ол ажырамай жатыр. Оны ажыратудың жалғыз жолы болды, оның жанды жерінен бір тептің. Басқалайда тоқтатуға болар еді, бірақ сенің ақымақтығыңда бар ғой. Ол қып-қызыл бола төсекке отыра кетті.
— С/а! Қарғыс атқыр! - дем ала алмай, қиналып кетті, байғұс.
— Болмайды! Кешір, бірақ...
— Зай***, тағы қандай былық ойлап таптың! - орнынан тұрып, саған жақын тұрып:
— Тағы сылтау ма? Неге саған жақсы қарауыма мүмкіндік бермейсің? Сабырлы болуға тырысқаныма қарсы осылай жасайсың ба? - қолдары қатқылданып, беліңнен қысып ұстады. Сабырлы адамдардардың ашуы жақсы бола бермейді деуші еді. Бұл жолы расымен Юнги өз-өзін ұстай алмай қалмаса болды. Беліңнің ауырсынуы үдей түсті, шыдай алмай оның қолын алуға тырысудасың, бірақ болар емес.
— Ауырттың! Жібер мені! - бетінен салып қалдың. Бірақ бұл оған мүлде əсер етпеді. Керісінше ызаландырып жіберді. Шапалағыңнан кейін ол біраз кідірді де, сені тым дөрекі сүйе бастады. Бұл жолы қалай əрекет етсең де оған əсер етпейді. Мейлі итер, мейлі соқ ол саған мүлде мəн бермеді. Көйлегіңнің байлауларын босатып жіберіп еді, онсыз да əрең тұрған ауыр көйлек жерге сырғып түсті. Жарыққа шағылысқан денеңді аймалап төсекке жатқызды. Сүйісті тоқтатпай, өзі де киімсіз қалып үлгерді. Сенен ажырап, өзінің ісін бастап кетті. Сен қанша қарсылық көрсетсең де оның аңсаған арманы орындалды. Сен енді расымен Юнгидікісің. Ыстық, суық, ауырсыну, лəззат барлық сезім араласып жатырды. Ұзаққа созылған жұмыс ақыры аяқталды. Юнги саған тіпті мəн бермеді де, теріс бұрыла жамылғыны жамылып телефонын алып қарап жата берді. Бұл сенің ашуыңа тиді. Сен оның алдында көз жасыңды көл қылғың келмеді, ақырын тұра жуынатын бөлмеге кіріп кеттің. Душтың астында барлық жеріңді қайта-қайта жуып, оның іздерінен құтылғың келіп барады. Жылағың келеді, əрине, бұл түннің келісіммен болғанын қаладың емес пе? Ал ол сені зорлағандай күштеді. Сенің қырсық мінезің жылауға мүлде мүмкіндік берер емес. Жуынып болып, үстіңе халат киіп алдың. Шашыңды əдейі кептірмедің, айна алдына отырып мойныңдағы көгерген іздерге қарап:
— Өлгенше тістепті ғой, жабайы! Түрі ғана жабайы мысық емес екен. Өзі де жабайы. Көрсетермін оған жабайылықты! - шаштарыңды артқа лақтыра, орныңа келіп жаттың. Жамылғының шетін ғана жауып алған ұйқыдағы Юнгиге қарап:
— Сені білмеймін, мен ешқашан бір затты бөлісіп көрмеппін. Ренжіме! - деп, көрпенің барлығын дерлік одан тартып алдың. Бұл оны оятқаны сөзсіз. Көздерін ашпай:
— С/а, берші. Ұйқым келіп тұр.
— Ұйықтасаңшы, - оның түріне күлкің келсе де өзіңді əзер ұстап тұрсың.
— С/а! Өтінемін… - орнынан амалсыз тұрды. Саған қарап көздерін ашып, жұмып ұйқысынан ояна алмай отыр.
— Мен бере алмаймын, ренжіме, жаным, - оның бетін шымшып, көрпеге орана төсекке жаттың. Ол арқаңнан түрте.
— Мен жамылу арқылы ұйықтай алатын жалғыз көрпе осы. Берші, шаршап тұрмын, - ыңырсып, балаша жұлқына бастады. Оның түріне қарап отырып, ойыңа келгені ол үшін керемет жаза болды.
— Кешір, Юнги. Мен де бөлісе алмаймын. Бірақ сен үшін болады, - деп, арамы жымидың. Ахх, Юнгиді қалай жазалаймыз?
— Не дейсің? - басын қасып, есінеп қояды өзі біздің мысық.
— Кел, қасыма жат. Бір көрпеге сыямыз ғой.
— Расымен бе? Менімен бірге жатпақшысың ба?
— Иә-иә, кел, - ол сенің жаныңа құлай, ұйқысын жалғастырды. Сен əдейі кептірмеген шаштарыңды оның бетіне лақтырып қойып қойдың. Ол біріншісінде алып тастады, екіншісінде алып тастады, үшіншісінде атып тұрып:
— С/а! Қанымды ішпеші! - деп, айқайлап жіберді. Сен өтірік ұйықтап қалған түр жасап ала қалдың. Ол оған сеніңкіремеді. Кейін қайтадан орнына жатты, бұл жолы өзің бұрылып, шашың дəл алдына түсті. Тағы да қыдықтай оны ұйқысынан оятып ала бердің. Ол ақыры шыдамай басқа бөлмеге кетіп қалды. Бір түнде оның əрбір жүйке талшықтарын тоздырып жібердің. Солай кең төсекте жатып ұйықтап қалдың. Күнде шығып қалған еді. Юнги екі сағат көз іліп ала, жұмысқа кетті. Ұйқысы, əрине, дұрыс болмады. Сен тіпті əлі оянбадың. Юнги сені оятпақ болып, түртпектеп көрді мүлде оянбадың. Кейін оятқышты ұзақ шырылдатты. Сен оны сезіп те жатқан жоқсың. Сені оята алмай, қызметшілеріне сен тұрғанда жақсылап қарауын, бірақ ұйқыңды бұзып оятпауын тағайындап кетіп қалды. Сен түс болған уақыттарда ояндың. Онда да күн түсіп, бөлме ысыған соң. Орныңнан дереу тұра перделерді жауып тастадың. Кейін бөлме есігін құлыптап, қайтадан жатып ұйықтай бердің. Есік құлыптаулы болған соң, Юнги кіре алмасына сеніп еркін ұйқы болды. Кеш болды. Сен əлі ұйықтап жатырсың. Арасында оянып кішкене телефон қарадың. Біраз уақыт өтпей қайта ұйықтап қалдың. Юнги келді. Қасында кеше тойға келе алмаған досы бар. Қызметшілер сені мүлде төменге түспегеніңді, тіпті есікті ашпағаныңды айтты. Ол сені əрдайым еңбекқор, жұмыс басты əйел деп ойланушы еді. Сені кешке дейін ұйықтады дегенге сенбей бөлмеге келді. Есікті қатты соқса да сен мүлде оянбадың. Есікті қойшы соғыс болса да тұрмайтын секілдісің. Юнги ақыры есікті бұзып, ішке кірді. Ал сен төсекте ұйқының түбін түсіріп жатырсың.
— Өлəə! С/а! Тұр! - сені жай түртпей, қатты-қатты жұлқылап жатыр. Сен көзіңді кішкене ашып:
— Қойшы, Мартин. Мазаламашы! - деп, қойып қалдың.
— “Мартин”? Мартин дегенің кім?
— Мартин. Кім екенін білмейсің бе?
— Мен білетінге ұқсап тұрмын ба?
— Жоқ!!! - деп, кетпек болып төсектен тұрғалы жатыр едің, ол сені қолыңнан тарта қайта орныңа отырғызып қойды.
— Кім ол?
— Сен! - қолыңды тартып алдыңда тұрып кеттің.
— Мен? - басын қасып отырып қалды. Сен тіпті əлі киінбеген де едің, ұйқыңды аша алмай, айна алдында біраз кідіріп тұрып қалдың. Юнги артыңнан:
— Тіпті киім ауыстырмадың ба? Əлі халатпен жүрсің ғой сен.
— Жабайы, Мартин. Өшірші үніңді! Өлгің келіп тұр ма?
— Не?
— Ештеңе! - бір жұтым су іздеп, төменге түсіп кеттің. Юнги тіпті киім ауыстырмай, халатпен төменге кеткеніңе таң қалып отырып қалды. Төменде досының отырғанын естіп, бірден сенің соңыңнан жүгірді. Енді баспалдақпен түспек болғанда тоқтатып:
— Мына түріңмен қайда барасың. Киіміңді ауыстыр.
— Маған кім қарайды? Шөлдеп тұрмын. Су ішемін.
— Төменде қонақ бар.
— Қайтейін?
— Осылай ашық-шашық халатпен кімге көріне алмай жүрсің?
— Қазір халатсыз кетемін. Сонда көресің кімге көрінгім келгенін! - ай сенде де мінез жатыр, иә?
— Шеш ал! Қолыңнан келе ме? Төменде менің досым бар.
— Жарайды, - теріс бұрылып төменге түстің. Юнги сені жоғарыдан бақылап тұр. Досы отырған диван жанында су құйылған ыдыс болды. Суыңды іше, əлгі досымен амандастың. Ол сенің мінсіз дене-бітіміңе сілекейі шұбыра қарап отыр. Юнги мұны байқап, дереу қастарыңа жетіп келді.
— Чонгук, танысып қой, бұл менің əйелім — С/а.
— Əйелің өте əдемі, - Юнгиге бұл сөздер жақпай тістеніп:
— Иә, өте əдемі... - дей бергенінде, сен халатыңды шешіп қалдың.
3 бөлім соңы
#FlowerFly