#BTS_IMAGINE_QRF
#Елестетші, ақшаға әуес болған күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберсе.
#Елестетші, бір сәтте тас түнек ішіне сүңгіп кеткен секілдендің. Олар сені көлікке сүйрелей алып барғанда, ауызыңды шүберекпен басып, есіңнен тандырып тастап еді. Құлағың кернеуінде Магридждың сені тоқтаусыз шақыруы қайталана берді. Қайталана берді…
Құлан иектен көрініп, көмегейі шыға қоймаған күн сәулесі аптығып келіп жүзіңе тыным бермеуде. Айқасқан кірпіктеріңді ақырын ашып бастағанда, басыңның сылқ ауырып жатқанынан, жарытып ештеңені есіңе түсіре алмадың. Жабық көк түстегі бөлме төбесі, онан соң осы түсте жаппай жабдықталған жиһаздар. Көзіңді ашқанда алғаш көрінген осылар ғана болды. Қайда тап болғаныңды аңғару үшін жан-жағыңа қарайлап едің, сол тұсыңда отырған адамды көріп, зәрең зәр түбіне кетті. Тыпыршып орныңнан қалай тұрып кеткендігіңді сезбедің. Әлгі кісі сенің шошынғаныңды көрді. Бірақ әрекетсіз және артық реакциясыз отыра берді.
Оңға иіліңкіреген шаш, тұспалдап таба алмайтын эмоциялық келбет, алдыңғы түймелері ағытылған ақ жейде. Үлкен кресло үстіне жауырынын тақап, сенің ендігі күйіңді әрі қарай бақылап отырғандай. Иегін саусақтарымен тіреп:
— Қайырлы таң, - деді тым жұмыр үнмен. Сен іштей өзіңді-өзің табалап, азапты күйге түстің. “Кім бұл? Неге бұл жердемін? Ол неге жайбарақат отыр?” деген толассыз сұрақ сені үстіңнен көме бергендей.
— Кімсің? - дедің, қасыңды кішкене көтеріңкіреп. Ол түсіңнің сұрланып кеткенін өзінен қорқып отырғаныңды сезіп, орнынан тұрды. Тумбочка үстіндегі вазадағы суды стаканға құйып саған ұсынды. Жанарында әлсіз бір беймәліи мейірімділік жымың қағатындай.
Сен сұраулы жүзбен "менің сұрағыма жауап бер" деген сыңай таныттың. Оның үстіңнен төніп тұрғаны өзіңді тым жайсыз жағдайға түсіріп жіберді.
— Іш!
— “Кімсің” деймін? - қабағыңды түйіп.
— Саған қазір сол қызық па? Мүмкін, неге мұнда екеніңді сұрарсың?
Бұл сөз сенің ауызыңа бітеу қойып тастап, жараңа тұз себіп өтті. Себебі, астарында ащы ақиқат жатыр. Сен не үшін мұнда екендігіңді жақсы білесің. Ол мұны әдейі айтты. Әйтпесе, Магридждың сені құмар ойынға тігіп жібергенін білетініңді ол білмейді дейсің бе? Сен әрі қарай жақ ашпадың.
— Қаласаң, ішерсің, - ол қолындағы стаканды тумбочка үстіне қайта қойып, жейдесін шеше бастады. Сенен көзін айырмай, дәл қарсы алдыңда киімсіз көрінуге еш қымсынбады. Сен көзіңді демде алып қаштың. Ол бір жейдесін сен жатқан диван үстіне тастап, екінші бірін ілгіштен суырып киіп алды.
— Тэхён, - деді, ол жейде ілмектерін қадап тұрып, қадала қарауын доғармастан. — Менің есімім.
— Арсыз! - дедің іштей бұлданып.
Есік қағылды.
— Кір, - деді, манағы жұмыр даусы жуандап. Көздері әлі сенде. Саған енді ыңғайсыз бола бастағанда ғана тайдырып әкетті.
— Қайырлы таң, мырзам! Джэва ханым күтіп қалды, - ішке иіле кіріп келген егде жастағы еркек құрмет танытқандықтан ба жерден басын алмай, оған хабар жеткізді.
— Қазір барамын, - ең ақырында кастюмді киіп, онымен ілесе шығып кетеді.
— Қалған танысуды кешке жалғастырамыз. Кешке көріскенше, - деді кетерде ақырғы рет.
#Елестетші, оның көлденең көрікті келген көздерінен құтылғаныңа шүкіршілік еттің. Шынында, шыдауға келмейтін, тесіп өтердей өткір жанары осы 2 минутта сені парша-паршаға бөліп тастағандай. Есеңгіреп кеттің. Есік тағы қағылды, бірақ сенің жауабыңды күтпестен, ішке кіріп келген екі-үш үй қызметшілері қолындағы киім-кешек бұйымдарды ұқыптап диван үстіне жайғастырды да, шығып кетті. Түрлері сұсты.
— О, Құдай, мені қайда тап қылдың! - қарашығыңа жас үйіріліп орныңнан тұрдың. Бөлмеде үлкен бір қабырғадай көлемді терезе болды. Терезеге көк шілтері перде жабылған. Сен алдымен сол терезе алдына келіп перделерді шетке ысырып, сыртқа көз тастадың. Бірінші көргенің баппен өсірілген алқап, үлкен скамейка, және қоршаулар болды. Олар бірнеше шақырым алысырақ орналасқанына қарағанда, сен тұрған жер үйдің екінші қабаты болса керек. Бір сәт ойыңа жарыңнан жасаған опасыздығы оралды. Қандай жиіркенішті. Қандай ақылға сыймайтын әрекет. Жүрегіңде сені тігіп жібергенге де, ұтып алғанға да бір уақытта жек көрініш бүршік атты. Құдды, бір жарамсыз зат секілді.
#Елестетші, қызметшілер әкеліп берген киімді киіп, төменге түстің. Үйдің астыңғы бөлігі мүлде басқаша екен. Бір тарихи ескерткіштер сақталатын музей тәрізді. Саған келіп кеткен манағы қыздар ендігі дастархан жайып жүргенін көрдің. Үй сәнді әрі жабық сарғылт түспен жабдықталған.
— Келіңіз, ханым! - деді, ас даярлап жүргендердің біреуі. Сен асықпай үстел басына бардың.
— Тамақтанып алыңыз, - деді жымиып. Олар сен үстелге отырғаннан кейін біртіндеп арқа тұсыңнан алыстау жерге барып, қаз-қатар тізіле қалды. Сен үлкен үстел басында жалғыз қалдың. Бұл оғаш түйіліп, әлі бері қасыққа қол сұғуға қысылдың. Қарның аштықтан біріне-біріне жабысуға сәл-ақ тұрғандай. Әрине, 2 күн тамақ жемегесін…
Сенің қысылып отырғаныңды көрген бірі жаныңа келіп, тарелкаға әртүрлі астан салып, шырын құйып алдыңа құйды. Кейін шанышқыны жақындатып:
— Ас болсын! - деді, күлімсіреп. Не керек, енді тек ауызыңа салып беруі ғана қалғанын түйсініп, шанышқыны алдың. Дұрыс, бөтен үй, бірақ мұның еш ұяты жоқ еді. Ол қайта орнына келіп тұрғанда, үлкен ашық есіктерден үйге сұңғақ бойлы ер азамат кіріп келді. Шыттай киінген, шалбар мен сол кастюм үлгісіндегі үтіктің қыры түспеген киім. Келбетті де келісімді тұрпат.
— Анна! - деді, үстіңгі бөлмелерге бара жатып. Үйдегі қонақты байқамаған сыңайлы, қолы бриджи қалтасында.
— Қош келдіңіз, мырза! - қапталынан пайда болған әйел сәлемдесіп, тізесін бүгіп қойды.
— Соңымнан ер, - деді, нық қадамын қалтыссыз баса беріп.
— Бірақ, мырза…
— Не?
— Үйде қонақ бар, - дауысын бәсеңдетіп. — Оны жалғыз қалдыра алмаймын, - дастархан басында тамақтанып отырған сені көрсетіп. Кристиан жалт бұрылып, оның сөзіне сеніңкіремеп еді, үстел үстіндегі бөтен қызды көріп таңғалды.
— Қандай қонақ?
— Тэхён мырзаның “қадірлісі” деп естідім. Оны да болса Шарлот айтты.
Кристиан күліп жіберіп:
— “Қадірлісі”?
Анна оның сөзін дұрыс деп білгендей басын изеді. Кристиан сенің сыртыңнан біраз бақылап, қонақ үйдегі үстелге қарай жүріп кетті.
#Елестетші, шишадан қаланған шыңдары күнге шағылысқан биік мұнара. Мұнара болсын, басқа болсын. Бір анығы жұмыс орын.
— Ақымақ! Сен мұның қылмыс екенінен хабарың бар ма? Адамды бәске тігу?! Түсінсем бұйырмасын!
— Миымды ашытпашы, - деген Ким, қағаздар ішінен тиісті құжатты іздестіріп.
— Күйеуі де бір көнбіс екен! Жоқ, ол да, сен де ақымақсың! Ертең мынауың дүйім жұрттың құлағына жетсе абыройдан айырыласың. Түсіндің бе?
— РОУН, шық кабинеттен!
— Мен айтты дейсің ғой, әлі… мен айтты дейсің!
— РОУН…
— Не?
— ШЫҚ!
— Шықпаймын. Неге шығады екенмін? Қазір орталық басқармамен мәслихат. Жүр, кеттік.
— Есептік құжаттар қайда?
Роун қолындағы жоғары көтеріп:
— Соқырсың ба?
Тәк! Ким және Роун. Қалың жылдық қымбатты достар. Бірінің қамын бірі жегендіктен, өз наразылығын ашумен де, қалжыңмен де жеткізе алады. Тэхён оның бастығы болғанына қарамай, өзін одан бір саты жоғары тұтқан емес. Роун да мұнымен оны басынып алмайды. Өз сыйын орнына қойып қойған. Тэхён сыйлайды. Бірақ Тэхённың құмар ойынға көзсіз кіріп кеткендігінен күйінеді. Ол үшін достық пікірінде талай айтқан. Деген, орайынан қайтара алуға қауқары жетпеді.
Роунның өзі жоғары, білімді, білікті маман.
Ал, Тэхён оны сондықтан жанына жалау етіп, әрі достық ықыласпен бірге жұмыс істеуге шақырған. Осылайша, екеуі бір ғаламат компанияны аяғынан тік тұрғызып еді. Компания айтпақшыдай әлемдік нарықта тауары ызғып жүрген ірі әрі ауқымды заттарға демеушілік етеді. Қол астында 500-ге жуық қызметкер жұмыс атқарады. Шамасы, түсінікті болды деп түйіндейін?
Олар орталық комитетпен мәміле жүргізу үшін мәжіліске кетті. Бұл ары кетсе 4 сағатты алады. Не одан да көп уақытты қамтиды. Кәсіпкерлердің ісі оңай ма? Шыдауға тура келеді.
#Елестетші, өзіңе қарай келе жатқан кісі сұлбасын сездің. Дереу басыңды көтеріп, одан соң орныңнан тұрып кеттің. Ал, Кристианды әрекетіңнен гөрі әлпетің таңғалдырды.
— Қош келдіңіз! Мен — Кристиан Охос боламын! - жымиып қолын ұсты.
— С/е, - дедің тұйық үнмен.
— Тэхённың “қадірлі қонағы” екенсіз?
— “Тэхённың”? Ол кім?
— Түсінбедім?
Сен Тэхённың таңдағы адам екенін енді ұғамын дегенше, Кристианның артында тұрған Анна оның құлағына әлдеңені сыбырлап үлгерді. Кристиан қасын көтеріп:
— С/е, - деді бұл жолы жылы жымию емес, келеке етіп күлгендей болды. — Меніңше, мен шатастырып алдым. Қадірлі қонақ!
— А?
— Тэхён қашаннан бері казинодан ұтып алған әйелдерді төріне шығарып, сыйлайтын болған? - жағымсыз мысқыл.
— Кристиан мырза?! - деді Анна, оның бұл сөзінің орынсыз екенін білдіріп.
— Не мұны жертөледегі жезөкшелер жанына алып бармады?
Сенің көзіңнен жас ыршып түсті. Мұншалықты төмендетуге төтеп бере алмай, көз жасқа ерік бергеніңді көрген ол:
— А, айтпақшы! Ол әуелі әр әйелді осылай сыйлайды да, одан кейінгі өмірін тас талқан етеді. Күнге айналдырады. Үміттендіріп қойған қандай жақсы, ә? Қазір тойып тамақтанып ал, қымбатты С/е! Бәлкім ертеңгісін әр бұрышта қисалаң етіп жатарсың?
Ол осы айтқандарын ащы ақиқат деп білді ме мұрнын шүйіре қалып, үстел басына жайғасты. Оның көзінше саған қызметшілердің ешбірі қолдау көрсете алмады. Сен "ап" етіп жарылуға сәл-ақ қалғанда, ақ көйлек жеңімен жастарыңды сүртіп, баспалдақтарды тез-тез басып, жоғарыға кеттің. Таңда шыққан бөлмеге кірдің де, есікті іштен бекітіп, жарға сүйеніп жылай кеттің.
Артыңнан ашынған Анна:
— Бұл ісіңізді Тэхён мырза білсе, бей-жай қалдырмайды.
— Немене? Анна, оның карта бәсінен жеңіп алынғанын өзің айттың емес пе?
— Олай дегем жоқ!
Кристиан орнынан тұрып, Аннаның нақ алдына келіп тұрды да, тістене оның мойындарынан қысып:
— Жақ ашсаң, жаныңды жаһаннамға жіберемін. Жақсысы, сен араласпа! Мақұл ма?
Кеш. Тэхён мен Роун жиналыстан шықты. Роун ертеңгі жұмыс тізбегін Тэхёнға көрсетіп, үйге қайтты.
#Елестетші, ол үйге келсе, үй іші тым-тырыс. Ызың етіп ұшқан дүние жоқ. Қызметшілер сол баяғы орнында, Тэхённың тамағын әзірлеп қойған екен. Тэхён Аннаның шақырды.
— Қайда ол? - деді жаны көргенше байыз таппағандай.
— Бөлмеде! - деді сыр білдірмей.
Тэхён галустыгын босатып, жоғарыға қарай кетіп бара жатып Анна:
— Кешкі ас ішпейсіз бе?
— Аш емеспін, - қысқа қайырып.
Ол бөлмеге келіп, есік бұрамасын басып еді, есік ашылып ішке кірді. Сенің шағын диван үстінде отырғаныңды көрді. Орныңнан селт етіп тұрдың да, оны сөзге тартып:
— Сөйлесейік?
Ол сенің сөзіңнен бұл жаққа тез үйренісіп кетті деп түйді. Кастюмді шешіп:
— Не жайлы? - деді.
— Мен жайлы.
Ол бір қасын көтерді.
— Мені Магридждың қаншаға пұлдағанынан беймәліммін. Бірақ мен саған қанша десең сонша беруге дайынмын. Мені жібересің.
— М? - ол сенің өзің үшін ақшаны өтеймін дегеніңді дұрыс түсінбегендей.
— Иә, Магриджтың қанша қарыз болғанын айт. Тиын-тебеніне дейін төлеймін. Сен ол қолын қойған құжатты маған бересің?
Сен де, Тэхён да ақыл тоқтатқан ересек адам болғасын, мұны шешіп алуға болатынын білдің. Тэхён ретсіз күліп жіберіп:
— Төлейсің бе? - деді қаһарлы қарасы құбылып.
— Иә. Несі күлкілі?
Ол галустыгын шешіп, алдыңғы түймелерін шешіп, диванға отырды.
— Сеніңше, мен ақшаға мұқтаж адамға ұқсаймын ба?
Сен оны өз байлығын мақтанып жатыр деп ойладың, ал түпкі ойын аңғармадың… Арада 2 минуттық үнсіздік өтті.
— Жақсы, ақшаны қалай табасың? Қалай төлейсің? Даяршылық бес-он тиын ақшамен?
— Оны не істейсің? Қайтарып берсе болды емес пе?
— Ұсынысым бар, - сені күшпен ұстауға қауқарлы болса да, ойына мынадай сап келді:
— Менің үй қызметшім бол. Мен айлық жалақыңнан күйеуіңнің қарыздарын қысқартып отырамын?
Бұл ұсыныста оның түбірі, терең мақсаты жатқан болатын. Сен тосылып қалдың.
#browinv ?